{metadescription}
Мысырда жоғалған 6 қазақстандық студент абақтыдан табылды
Мысырда жоғалған 6 қазақстандық студент абақтыдан табылды

Мысырда жоғалған 6 қазақстандық студент абақтыдан табылды

Білім алуға барып, абақтыға жабылды! Мысырда із-түссіз жоғалып кеткен 6 бірдей отандасымыз сол елде қамауға алынған болып шықты. Бірақ не үшін екені әзірге белгісіз. Араб тілін оқу үшін Каирге барған қазақ студенттері 5 күн бұрын жоғалып  кеткен еді. Олардың амандығы үшін алаңдаған туыстары дипломаттардан бұл жігіттерді тауып беруді сұраған.

Бұл – Қанат Берік пен Еламан Жазылханның  тура екі апта бұрын Мысырға ұшып бара жатқан сәті. Екеуі Каирге араб тілін оқуға екі айға аттанған екен. Мұнда келе салысымен жігіттер өзге төрт отандасымызбен танысып, алтауы бір пәтерді жалдап тұрған. Бірақ соңғы 5 күннен бері ешқайсысынан хабар жоқ.Туыстарының айтуынша, соңғы рет жігіттерді форма киген біреулердің әкетіп бара жатқанын үйдің күзетшісі көріпті.

Айбол Исабек, Қанат Беріктің ағасы:

-20-сынан кейін хабарсыз кетті. Қайда не болғаны белгісіз. Сондағы күзетшінің көргені бойынша бір адамдар алып кетті дегенді естігеніміз бар. Формадағы адамдар. Бірақ кім не адамдар екені белгісіз.

Жоғалған 6 студент – 22-24 жас аралығындағы жігіттер. Олардың екеуі – алматылық  Қанат пен Еламан Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистрлері. Қалған 4-еуі жайлы ақпарат әзірге айтылмай отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, отандастарымыздың Сирияға соғысқа кеткені жайлы болжамдар да бар. Ал олардың амандығына алаңдаған туыстары өздерін қоярға жер таппай отыр.

Төлеш Исабекова, Қанат Беріктің анасы:

-Аналық жүрегім арғы сезімім өзіме білдіреді. Баламның ештеңеге қатысы жоқ. Ешқандай күмәнді жиындарға да, ешқандай діни секталарға да қатысы жоқ. Балам адал. Таза болып шығады деп сенім артамын.

Сондықтан хабарсыз кеткендердің туыстары бүгін Сыртқы істер министрлігіне келіп, ұлдарын тауып беруді сұраған. Сөйтсе, отандастарымызды Каирдің полицейлері ұстап, қамап қойған екен. Қазір іске дипломаттар араласып, мән-жайды анықтап жатыр.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Қазақстанның мысырдағы елшісі Мысырдың сыртқы істер министрлігінің басшысымен кездесетін болады. Осы кездесудің нәтижесі бойынша ақпарат береміз. Біз қолда бар барлық тиісті барлық шараларды қолданып жатырмыз.  

Яғни қазақ студенттердің қолына не үшін кісен салынғаны әзірге белгісіз. Бір анығы, олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал туыстары ұлдарының соңынан ертең Мысырға аттанбақшы. 

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде