{metadescription}
Полицейлер мен әскерилер қазынаға 20 миллион теңге салық төлемей отыр
Полицейлер мен әскерилер қазынаға 20 миллион теңге салық төлемей отыр

Полицейлер мен әскерилер қазынаға 20 миллион теңге салық төлемей отыр

Салық төлеуден полицейлердің өзі жалтарып жүр! Алматылық тәртіп сақшылары мемлекетке қыруар қаржы қарыз болып шықты. Ішкі істер департаментінің 400-ге жуық қызметкері міндетті салықты жылдар бойы төлемей келіпті.

Заңғар Шыңдалы, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Салық Кодексі бойынша біз салық төлеушілерді олардың санатына қарай бөлмейміз ғой, мысалы мемлекеттік қызметші ме, басқа ма, бәріміз салық төлеуші болғандықтан, берешегі бар болса біз хабарландыру жібереміз.

Полицейлердің қазынаға берешегі 11 миллионнан асқан. Тек сақшылар емес, салық төлеуден әскерилер де жалтарып жүр екен. Яғни, 500-ден астам әскери қызметкердің мемлекетке қарызы 8 жарым миллионға жуықтапты. Қазына төлемінен қашып жүргендер қатарында Ұлттық банктегілер де бар. 47 банкирдің берешегі 1 жарым миллионға жуықтап қалған. Ал салықшылар бұл қызметкерлердің жұмыс орнына ескерту жіберіпті. Енді төлемнен жалтарғандардың 30 күн уақыты бар. Осы 1 айдың ішінде қарызынан құтылмаса, бұл үшін сот алдында жауап берулеріне тура келмек. Айта кетсек, биылдан бастап салық заңдарына өзгерістер енгізілген. Енді, осы жыл үшін мүлік және жер төлемін 2018-ші жылдың қазанына дейін төлеуге болады. Ал, көлік салығы өзгеріссіз қалды. Оны жыл соңына дейін беру керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.