{metadescription}
Шығыс Қазақстан облысында шегіртке қаптап кетті
Шығыс Қазақстан облысында шегіртке қаптап кетті

Шығыс Қазақстан облысында шегіртке қаптап кетті

Еліміздің егістік алқаптарын азиялық шегірткелер жайпап жатыр. Осы зиянкестердің ішінде кеш пайда болатын түрі, әсіресе, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарына қауіп төндіріп тұр.

Десе де, былтырдан сабақ алдық деген Ауыл шаруашылығы министрлігі егістікті шегірткелердің қарамағына бермейміз деп отыр. Қазір аталған аймақтарда химиялық улау жұмыстары жүргізілуде. Ал өзге облыстарда зиянкестермен күрес аяқталып, егінге зиян келген жоқ дейді шенеуніктер. Бірақ, Шығыс Қазақстан облысында қаптап жүрген мына шегірткелерге қарап олай айтуға ерте секілді. Десе де министрліктегілер тек егістік алқаптарын ғана улайтынын айтып отыр. 

Ержан Айнабеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы:

- Шегіртке ұшты екен деп барлығын бір-ақ жойып тастай алмаймыз. Бізде 180 миллион гектар жайылымдық жер бар. Шегірткелер көбінде жайылымды жерлерде таралады. Ал біздің негізгі мақсатымыз ауылшаруашылығы егістіктерін қорғау.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде