{metadescription}
 Атырау маңындағы көне қала аспан асты мұражайына айналады
 Атырау маңындағы көне қала аспан асты мұражайына айналады

Атырау маңындағы көне қала аспан асты мұражайына айналады

Ақтөбе-Лаэти аспан асты мұражайына айналмақ. Атыраулық археологтар 13-15-ші ғасырларда болған қалашықтың орнын қайта қазып, қалыпқа келтіріп жатыр. Олар бүгінге дейін көне шаһардан 300-ге жуық түрлі заттарды тауыпты. Жалпы аумағы 6 мың шаршы метр болатын қаланы түгел аршып, жәдігерлерді жинақтаған соң бұл жерде мұражай жасалмақ. Ал бұл туристердің Ақтөбе-Лаэтиді көреміз деп Атырауға ағылуына себеп болады дейді мамандар.

Бірнеше рет қазба жұмыстары жүргізілсе де, құпиясын аша қоймаған Ақтөбе-Лаэтидің орнында жүріп жатқан қазіргі жұмыс қарқынды. Мамандар Ұлы жібек жолының бойындағы сауда керуендеріне арналған ортағасырлық қаланы құмнан аршып жатыр. Айтуларынша, қазылған қала орны мен табылған жәдігерлер – жасалған жұмыстың мыңнан бір бөлігі ғана.

Мұрат Қалменов, археолог:

-Бұл жерде қазір 0,0001 проценті ғана ашылған сияқты. Мына енді нақты айту қиын, меніңше, әлі 100 жылдық жұмыс бар. Жеке өзімнің барлау жұмыстарым бойынша, орташа 10 га жерде осы қаланың қалдықтары орналасып жатыр. Ал ар жағында қандай екені әлі белгісіз.

Дегенмен, әзірге қала орнын тұтас аршымаса да, мамандар аз уақытта 400 шаршы метр болатын аумақтан 200-ге жуық қыш құмыра бөлшектері мен 40 шақты сәндік бұйымдарды тауып алды. Одан өзге мыс тиындар мен металл қорытпаларының қалдығы да бар.

Рашида Харипова, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:

-Қаланың орнынан түсеміз деп ойлағанбыз. Бірақ қазір біздің ашқанымыз, сол кездегі қолөнершілердің шеберханасын ашып отырмыз. Оның дәлелі – мынау табылған жәдігерлер. Қалып жүзік, моншақтар соғуға арналған немесе үйдің сыртын әрлеуге арналған осындай қалыптардың табылуы.

Мамандардың айтуынша, Ақтөбеге «Лаэти» сөзінің қосылуына италиялық тарихшылар себеп болған. Олар қаланың орналасқан жеріне байланысты өз карталарына «Ақтөбе-Лаэти» атауын енгізген деген болжам бар. Яғни бұл сөз қазақша «лай», «батпақ» дегенді білдіреді екен. Ал мұндағы халықтың қалашықты тастап, үдере көшіп кетуіне Әмір Темірдің жорығы немесе Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі себеп болуы мүмкін.

Атырау қаласынан небары 6 шақырым жерде орналасқан Ақтөбе-Лаэтидің орны түгел аршылғаннан кейін, бұл жер аспан астындағы мұражай-қорыққа айналады. Және көне қаланың орны болып табылатын 6 гектар аумақты мемлекет тарапынан қорғауға алу туралы тиісті орындарға ұсыныс та беріліпті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде