{metadescription}
Соттан әділдік сұраған әйелдің өзі кінәлі болып қалды
Соттан әділдік сұраған әйелдің өзі кінәлі болып қалды

Соттан әділдік сұраған әйелдің өзі кінәлі болып қалды

Астанада болған  кішкентай жол апатының арты үлкен дауға ұласты! Жарты жылдай уақыт өтсе де, осы оқиғаға қатысты нақты шешім шықпаған екен. Сот алғашында ер азаматты кінәлі деп тапса, енді заң бұзушы екінші жақтағы әйел деп отыр. Сондықтан бұл іс шым-шытырыққа айналған.

Әділ шешім шығарады деп сотқа жүгінген Айгерім Әбдірахманованың енді өзі кінәлі болып шығуы мүмкін. Биыл қаңтар айында дәл осы жерде жол апаты болған екен. Келіншектің айтуынша, Ғабдуллин көшесімен көлігімен келе жатқан кезінде оған Ерлан Қорғанбеков машинасымен қарсы бағыттағы автобус жолымен келіп соғылған. Соның салдарынан көлігінің Айгерімнің көлігінің бампері сынып, бір жақ қанаты майысады. Сот ер азаматты кінәлі деп тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартады. Алайда бұл шешіммен келіспеген Қорғанбеков қайта қарауға шағым түсіріп, істі өз пайдасына шешкізіп алады. 

Айгерім Әбдірахманова, Астана қаласының тұрғыны:

- Енді шешімнің қандай болатыны әлі де түсініксіз. Әділ болғанын қалаймын. Негізінде 596-шы бап бойынша қарсы бағытқа шыққаны үшін бір жыл, тоғыз ай көлемінде жүргізуші кұжатынан айыру керек еді. Бірақ оған жеңілдік жасап,22 мың тегң айыппұл ғана салынды. Ол бұл шешіммен келіспей, енді маған қарсы шағым түсіріп отыр.

Іс қайта қаралған кезде екі жақта кінәлі емес деген шешім шығарылған екен. Алайда бұған да көңілі толмаған ер азамат Айгерімнің үстінен шағымданып, келтірілген шығынды өндіріп алмақшы. Өйткені ол жол апатына келіншек кінәлі деп санайды.

Ерлан Қорғанбеков, Астана қаласының тұрғыны: 

- Жанымда отырған куәгер болды. Оның үстіне соттың шешімі бар. Онда менің еш кінәм жоқ екені нақты жазылған. Енді үшінші процесті күтеміз. Менікі дұрыс болып шығатынына сенемін.

Ал келіншектің әділдік іздеп бармаған жері қалмапты. Бас прокуратура жазған өтінішін белгісіз себептермен қабылдамай қойыпты. Ендігі жағдай келесі соттан кейін белгілі болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде