{metadescription}
Эмоцияналды сот орындаушылар жұмыссыз қалады
Эмоцияналды сот орындаушылар жұмыссыз қалады

Эмоцияналды сот орындаушылар жұмыссыз қалады

Әділет министрлігі сот орындаушылардың жұмысын қатаң бақылауға алды. Енді азаматтарға қарай жұдырық ала жүгіретін ашулы қызметкерлерді шетінен лицензияларынан айырмақшы. Өйткені қарызды қайтару үшін ештеңеден тайынбайтын сот орындаушылары көбейіп кеткен. Олар борышкерге дөрекі сөйлеп, тіпті баспаналарының есігін бұзып, күш қолдануға дейін барады. Жыл басынан бері осындай 900 сот орындаушы жауапқа тартылыпты. 50-нің лицензиясы тоқтатылған. Әділет министрлігіндегілер сот орындаушы куәгерсіз ғимарат немесе үйдің есігін бұзып кіруге құқығы жоқ екенін тағы ескертті.

Жанат Ешмағамбетов, ҚР Әділет вице-министрі:

-Әрине, әлі күнге дейін заңбұзушылықтар тыйылмай тұр. Азаматтардан түскен шағымдарды жіті қарап шығамыз.  Егер сот орындаушылардың заң бұзғаны анықталса, арнайы комиссия олардың лицензияларын тоқтату туралы шешім қабылдайды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.