{metadescription}
Сын: Сағынтаев бюрократ шенеуніктерді дереу жұмыстан қууды талап етті
Сын: Сағынтаев бюрократ шенеуніктерді дереу жұмыстан қууды талап етті

Сын: Сағынтаев бюрократ шенеуніктерді дереу жұмыстан қууды талап етті

Ауыл шаруашылығына арзан несие деп бюджеттен бөлінген миллиардтар шаруа қолына жетпей отыр. Оған ауыл шаруашылығына жауапты шенеуніктердің қарапайым селқостығы себеп. Мәселен, Маңғыстау облысында 27 млрд теңгенің бір тиыны да әлі ауылдықтардың қолына тимесе, Солтүстік өз еншісінің 15 пайызын ғана іске жаратыпты. Сондықтан бүгін премьер-министр ауқымды іске жауапты Ауыл шаруашылығы вице-министрін сынға алды.

-Үкімет елдің ауыл шаруашылығын көтеруге бюджетті кең пішіп, қазынадан үлкен көлемде ақша бөлген. Ол ауылдағы ағайынның қолына екі түрлі тәсілмен жетеді. Бірі ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры, онда 16 млрд теңге, және Аграрлық несиелік корпорация онда 11 млрд, бас аяғы 27 млрд теңге бар.

Бірақ мол ақша шаруаларды ұшпаққа шығарар емес. Ал оны үлестіруге жауаптылар қағазбастылыққа шырмалып, кәсіп бастауға келгендерді әбден діңкелетіп жіберген.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-Аграрлық несиелік корпорация бүгінгі күні бөлінген 11 млрд теңгенің 5,2 млрдын немесе 48 пайызын игерді. Ақтөбе облысында несиенің 86, Павлодарда 84 пайызы шаруаларға жетті. Ал Солтүстік Қазақстанда 15 пайыз, Маңғыстау облысында әзірге нөл.

Сөзін аяқтап, тоқ көңілмен орнына асыққан Қайрат Айтуғанов баяндамасынан кейін сұрақ туындамайды деп ойлады ма, Үкімет басшысы вице-министрді атын атап өзіне әрең қаратып алды.

-Всего в пяти областях всего 60 процентов, в остальных ниже. В чем вопрос? Я вам задаю вопрос а вы по залу гуляете. Ну теперь сидя отвечайте, что встали?

-В мае мы деньги получили... Қайрат Қапарович, я не спрашиваю когда деньги получили, я спрашиваю в чем причина?

Мысалы, арзан несиенің бір тиыны да берілмеген Маңғыстау өңірінде тіпті несие орталығы жоқ. Ақтаулық шаруалар ақша сұрап Атырауға ағылады. Ал шығыста министрлік бекіткен басшылар жұмысын істей алмай, ауысып жатыр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-То есть ваши кадры подобраны не те которые готовы сегодня исполнять свои обязанности в том объеме, который мы от них требуем. Это плохо что кого попало берете на работу.

Ауыл шаруашылығын несиелендіруге берілген қаражат шаруаның қолына 7 пайыздық үстемемен он жыл мерзімге беріледі. Бұл Қазақстандағы ең арзан несие. Алайда 27 млрд теңгенің 13,7 млрды немесе жартысы ғана кәдеге жарап, қалғаны шотта жатыр. Үкімет басшысынан сөгіс алған Ауыл шаруашылығы вице-министрі іштен тынып, премьердің айтқандарын дәптеріне түртіп алды. Одан қандай нәтиже болары әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде