{metadescription}
Жаңа қоныс: Солтүстікке  көшкендерді мемлекет жарылқауға уәде етті
Жаңа қоныс: Солтүстікке  көшкендерді мемлекет жарылқауға уәде етті

Жаңа қоныс: Солтүстікке көшкендерді мемлекет жарылқауға уәде етті

Елімізде тағы жаппай көш басталғалы тұр. Ал Оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аударған отбасыларына 710 миллион теңге қаржылай көмек беріледі. Бұл тек 2017 жылы көшкен 288 түтіннің субсидиясы.

Оның 172-сі белгіленген төрт өңірде қоныс теуіп үлгеріпті. Олар Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары. Үкімет ішкі көшке қосылған әрбір жанның жол шығынына 80 мың, сондай-ақ үйлі болғанша жыл бойы баспана жалдауына ақша береді. Сатып алатын үй тапсаң, бұл қаражатты үкімет бір реттік төлем етіп те бермек. Әрі оларға мемлекеттік бағдарламаларда басымдық беретін баспана сертификаттары табысталады. Және әрбір іске икемді азаматқа бизнес бастау жобасы арқылы жеңілдікпен 5 млн теңгеге дейін қарастырылған. Жалпы ел бойынша 2022 жылға дейін 60 мыңдай отбасын оңтүстіктен солтүстік пен шығысқа көшіру жоспарланған.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі:

-Ауылда жер телімдерін алуға, ауыл шаруашылығымен айналысуға қазір заң бойынша конкурс арқылы беріледі. Сондықтан, егер де осы саясатты қолдап, біздің бағдарлама аясында көшіп жататын болса, ол жерді конкурссыз беру мәселесін қарастырып жатырмыз.

Кеше

16 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде