{metadescription}
Санкциялар соғысы: Экономика министрі елімізге төнетін қатерлер туралы айтты
Санкциялар соғысы: Экономика министрі елімізге төнетін қатерлер туралы айтты

Санкциялар соғысы: Экономика министрі елімізге төнетін қатерлер туралы айтты

Ресейге салынған санкциялардың Қазақстан экономикасына кесірі тимей қоймайды! Ұлттық экономика министрі бүгін АҚШ-тың Мәскеуге заңмен бекіткен тыйымына қатысты бірқатар болжам жасады. Бірақ Тимур Сүлейменовтың сөздері оптимизмге толы.

Өйткені біздің Ресей арқылы теңізге шығатын транзиттік мұнай  құбырларына санкцияның еш қатысы жоқ екен. Бұл мәселені Каспийде инвестор ретінде жұмыс істеп жатқан америкалық «Шеврон» компаниясының басшылары бірден шешіпті. Яғни, Мәскеуге салынған  тыйымның еліміздегі қара алтын тасымалына зияны тимейді. Дегенмен, Қазақстан экономикасы Ресейдегі жағдайға тікелей байланысты болғандықтан санкцияның бірқатар салаға әсері болуы мүмкін. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері кез-келген жағдайға дайын, - дейді Сүлейменов. Сондай-ақ, бас экономист еліміз мұнай, металлдың әлемдік  бағасы құлдыруын қалай қабылдаса, Ресей экономикасын күтіп тұрған кезекті дағдарысқа да дәл солай төтеп беретініне өте сенімді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Ресейдің  экономикасы қазір де қиын жағдайда тұр. Екі жылдан бері  тек төмен құлдилап барады. Оған біздің етіміз үйреніп кетті. Біз үшін АҚШ-тың Ресейге салған санкциясы  төтенше жағдай емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде