{metadescription}
Семей тұрғыны үш айдан бері Қытай түрмесінде қамауда жатыр
Семей тұрғыны үш айдан бері Қытай түрмесінде қамауда жатыр

Семей тұрғыны үш айдан бері Қытай түрмесінде қамауда жатыр

Көрші елдің құқық қорғау орындары отандасымыз Евгений Мироновты тир мылтығының екі қорап оғы үшін ұстаған екен. Мироновтың өзі шекара асарда оларды жүк көлігінен алып тастауды ұмытып кетіпті. Енді туыстары 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтып зар қағуда. Сондықтан олар Евгенийді аралашалап алуға Сыртқы істер министрлігінің араласуын сұрайды.

42 жастағы Евгений Миронов жүк тасымалымен айналысатын жергілікті компаниялардың бірінде жүргізуші болып істейді. Туыстарының айтуынша, ол тир мылтығының оғын саяжайдағы қарғаларды қуу үшін Рессейден сатып алыпты. Алайда отандасымыз Қытайға барарда екі қорап оқты жүк көлігінің ішіндегі қобдишадан алып тастауды ұмытып кеткен. Осылайша, аспан асты елінде тасымалдауға тыйым салынған зат Үрімшідегі полиция қызметкерлерінің көзіне түседі.

- В нашем понятии в России, у нас все это продается безо всякого разрешения, а там я не знаю как.

Евгенийдің көрші елде қамауға алынғанына қазір 3 ай болыпты. Әйтсе де, туыстары онымен жүзбе-жүз сөйлесе алмай отыр. Тек, Қытай заңына сәйкес үстінен қылмыстық іс қозғалып, жақында сот болатынын еліміздің Сыртқы істер министірігінен естідік дейді.

Елена Балахнина, Е. Мироновтың әйелі:

-Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілдері күйеуіммен кездесіпті. Олар бізге  Евгенийдің денсаулығы жақсы екенін жеткізді. Басқа ештеңе білмейміз.

Ал, еліміздің Сыртқы істер министрлігі, бұл жағдайды Қытайдағы елшіліктің толық бақылауға алғанын жеткізді. Өкінішке қарай, аталмыш елде отандасымыздан табылған оқ травматикалық қаруға жатқызылып, заңмен тыйым салынған екен. Сондықтан әзірге Евгенийдің жағдайы не боларын ешікім дөп басып айта алмай отыр. Ал жанарлары жасқа толған туыстары ол расымен де 10 жылға сотталып кете бара ма деп қорқады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.