{metadescription}
Наразылық: Алматыда автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып жатыр
Наразылық: Алматыда автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып жатыр

Наразылық: Алматыда автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып жатыр

Жалақыны көтермей, жолға шығуға құлықсыз! Алматыдағы қоғамдық көлік жүргізушілері таңертеңнен автобустарын тоқтатып қойып, басшылықтан еңбекақыларын көтеруді талап етті. Жүргізушілердің шамына тигені – тірнектеп табатын табысының айтарлықтай бөлігін айыппұл деп алып қалатыны. Араларында тіпті, жалақысынан түгел айырылғандар да көп. Автопарк басшысының да өз уәжі бар.

-№34 және 29-бағыттар бойынша қатынайтын 29 автобус таң атқалы бері автобус паркінде қаңтарылып тұр. Соның салдарынан көп адам уақытылы жұмысына бара алмай, межелі жерінен кешікті. Ал осынша автобусты тоқтатып қойған жүргізушілердің басты талабы айлық жалақысын көтеру. Себебі, олардың айтуынша, қолма-қол төлемді 150 теңгеге көтергелі бері жағдай тіпті ушықты дейді.

Күнделік мұндай уақытта қала көшелерімен зырғып жүретін автобустар бүгін тұрған орнынан тапжылған жоқ. Қос бағыттың жүзге тарта тізгіншісі тепсініп есік алдында жүр. Өйткені, әр бағытқа кемінде 900 адамды тасу керек деген тапсырма жүктелген. Бірақ, оны орындау қиын дейді.

Мұқан Қалдыбеков, автобус жүргізушісі:

- Маусымнан бастап студенттер кетеді каникулға,демалыс тағы бар.  200-250 билет түсіру керек ол кезде. Ал қазір  900 билет  әкеліңдер дейді. Оны біледі ешкім әкеле алмайтынын. Әкелмедің – айлығың жоқ.

Айдос Қайырбеков, автобус жүргізушісі:

- Жоспар орындамадың  қарызсың деп ұстап қалып отыр. Мен сонда бір ай тегін жұмыс істеп отырмын.

Басшылық наразылығын ашық білдірген жүргізушілерден қатты сескенсе керек, жағдайды бақылауға тәртіп сақшылары шақыртылыпты. Директор тіпті кінәнің бәрін көлік айдаушылардың өздеріне аударып отыр. Айтуынша, бүгінде қоғамдық көліктегі қаржы айналымы барынша ашық болып келеді. Ал ол жолақыны қалтаға басып үйренгендерге жақпайды екен.

Бауыржан Құлышев, «Green Bus» ЖШС директоры:

-Бірінші тамыздан адамдар карточкамен төлеп жатыр. Олар енді біздің кірісті 40 пайызға көбейткен. Енді сол ақшаны олар алмай жатыр. Алдында олар 20 мың теңгені күніге алып кеткен. Қазір сол ақшаны ала алмай қалды.

Компания өкілдері әрбір тексеру жүргізген сайын сол 34-ші және 29-бағыттардан қаптаған заңбұзушылық анықтаған. Жалақыларының аз шығуы сондықтан дейді. Жүргізушілердің бұл жолғы наразылығын сот заңсыз деп тапса, барлығы жұмыстан қуылмақ. Ал жүргізушілер жағы ұжымдасып заң орындарына арызданайын деп жатыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде