{metadescription}
Мағжан Жұмабаевтың өз қолымен жазған мақаласы  табылды
Мағжан Жұмабаевтың өз қолымен жазған мақаласы  табылды

Мағжан Жұмабаевтың өз қолымен жазған мақаласы табылды

Петропавлдың облыстық мұрағатындағы жарты миллиард құжаттың арасынан Мағжан Жұмабаевтың өз қолымен жазған мақаласы  табылды. 1922 жылғы аштыққа қатысты жазылған құжат еліміз бойынша ақынның нақты қол қойған жалғыз тұпнұсқасы.

Мұрағат қызметкерлерінің сүйіншілеп, бөріктерін аспанға атуы бекер емес.  Бұған дейін олар Мағжанға қатысыты құжаттардың тек көшірмесімен таныс болған екен. Ақынның өз қолымен жазылған бірде- бір құжат сақталмаған деп ойлапты. Бұл жаңалық алдағы жылы Мағжанның 125 жылдық мерейтойына жақсы сый болды дейді олар. 1922-ші жылы Мағжан Ақмола губерниясының аштықпен күрес жөніндегі комитетін басқарған екен. Сол жылы ол ауыл-ауылдарды аралап, халықтың нақты тұрмысымен танысқаннан кейін осы мақала жарық көрген. Кейін дәулетті кісілерден көмегімен арнайы қор құрып, талай адамды аштықтан аман алып қалыпты. Мұрағатшылардың көзінің қарашығындай сақтап отырған құжатында осы деректер келтірілген.

Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының директоры: 

- Осы құжаттың шын мәнінде Мағжанның өзінің қолымен жазғанына көзіміз жетіп отыр. Енді ешқандай сараптаманың қажеті жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде