{metadescription}
Қарағанды облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары балаларын мектепке беруден бас тартып жатыр
Қарағанды облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары балаларын мектепке беруден бас тартып жатыр

Қарағанды облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары балаларын мектепке беруден бас тартып жатыр

Себебі білім ошағының едендері тесіліп, төбелері опырылып жатыр. Бұл жайттар 2015-ші жылғы тасқында ғимараттың су астында қалуынан кейін басталған. Оның үстіне ылғалдың кесірінен мектеп іші әбден көгеріп, зең басып кетіпті. Ал жергілікті билік балаларды көрші ауылдағы мектепке тасып оқытамыз дегенімен, жұрты бұған ізілді-кесілді қарсы.

Қызылжар ауылындағы бұл мектепте бала атаулы екі жыл қатарынан жандарын қатерге тігіп оқып жүр. Қабырға, төбе мен еденнің қирағаны өз алдына ылғалдан ғимаратты зең басып кеткен. Қолқаны қабатын иістен жүрек айниды. Салдарынан, ауырмаған оқушы мен мұғалім жоқ. 2015-ші жылы су алған мектеп күні бүгінге дейін тек қағаз жүзінде жөнделіп келеді. 

Жанат Дүйсенбаева, Қызылжар ауылының тұрғыны:

-Қағаз келді, 4 миллион бөлінген деп 3 жылда. Түк жоқ. Көрмедік деп отыр директор. Саңыраулақ ққаулаған жерді бітегендей болды тек.

Мектеп директоры ресми қағазда көрсетілген соманы алғаш көріп тұрғанын жасырмайды. Аудан басшылығына мәселені айта-айта өзі де жексұрын болғанға ұқсайды.

Саят Солтанов Қызылжар орта мектебінің директоры:

-80 мың ғана берді жөндеуге.

-4 миллион бөлінді деп тұр ғой?

-Жоқ, ондай  ақша көрген жоқпыз. Ондай ақшаға біз қол қойған жоқпыз. Маған да тиісіп, мұғалімдерді де қорқытып отыр.

Ата-ана наразылығы мен аудандық басшылардың қысымынан кейін, балабақша мен бастауыш сыныптағы 60 бала мына ғимаратта күнелтетін болған. Бірақ олардың қуықтай 3 бөлмеге қалай сияры тағы белгісіз.

-Мына жерде бұрын еңбек сабағы өтіп келген. Енді бұл сынып түске дейін балабақша балаларын, түстен кейін 1 мен 4 ші сынып аралығындағы оқушыларды қабылдайды. Ол үшін мына парталарды күніне екі рет жинап тастап, қайтадан орын орындарына қойып отыру керек. Осылайша әскериге жақын жағдайда бүлдіршіндер және бастауыш сынып оқушылары алдағы оқу жылын бастан өткермек.

Ал ата-ананың басым бөлігі жоғарғы сыныптағы балаларын көрші ауылға жібергісі жоқ. 

Мәденгүл Зағыпарова, Қызылжар ауылының тұрғыны:

-Балаларымызды қалай жібереміз ақ қар көк мұзда. Мынау керексіз десе жаңа мектепті жөндеп берсін.

Ауылда құрлысы басталып, аяқсыз қалған мектеп ғимаратының тұрғанына 30 жылдан асқан. Жұрт ескі мектептің орнына осыны жөндеп беріңдер деп зарлағанына да сонша жыл. Бірақ оны елемек түгілі аудан басшылығы биыл ғимаратты аукционға қойып, 2 миллион теңгеге сатып жіберіпті.

Айғаным Ақпанова, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

-Ғимаратты аптты деп таптық. Бірақ сараптама жасалған жоқ. Жекешелендіру бағдарламасына сәйкес ондай анықтама қажет емес. Сатып алған жеке тұлға ғимаратты бұзып, құрлыс материалдарына әкетеді.

Аузы мұрнын бітесе, дайын тұрған мектепті сатып жіберген биліктегілер, енді ескі мектепті жөндеуге 112 миллион теңге бюджет қаражатын жұмсағалы отыр. Ал ашулы тұрғындар, мектеп мәселесіндегі былықты арнайы комиссия құрып, тексеруді талап етуде.    

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде