{metadescription}
Астанада қиғылық салған қырғыз көкпаршыларының талабы негізссіз болып шықты
Астанада қиғылық салған қырғыз көкпаршыларының талабы негізссіз болып шықты

Астанада қиғылық салған қырғыз көкпаршыларының талабы негізссіз болып шықты

Қырғыздың құрама командасы Астанада өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатының шырқын бұза жаздады. Айыр қалпақты ағайындар ойын талаптарымен келіспей, тіпті, додаға шықпай қойды. Ал түсініспеушілік тағадан басталған. Яғни, қырғыздар сайысқа аттарының төрт аяғын да тағалап келіпті. Ал ереже бойынша, тұлпардың тек алдыңғы екі аяғына таға тағуға рұқсат етілген екен.

Нұркен Байбөриев, Көкпардан Әлем чемпионатының  мандаттық комиссия  төрағасы:

- Тағаны алып тастаған соң құмда шаба алмай қалады дейді.  Ереже шарттарын баяғыда жібергенбіз. Ертерек талқылап айтуы керек еді. Үндеген жоқ. Атшабарды қарасаңыз алаңын, құм төселген. Яғни, тағасыз шабуға болады деген сөз. Солай ыңғайлы етіп жасалған.

Жалпы, дау туғызған ережені дүниежүзілік көкпар қауымдастығына мүше мемлекеттер бекіткен. Егер аттың төрт аяғы да тағаланса, ойын кезінде серкеге таласқан тұлпарлар бір-бірінің аяғына зақым келтіруі мүмкін. Яғни,  бұл қауіпсіздік үшін салынған тыйым. Чемпионатқа қатысушы елдердің барлығы онымен  келісіп отыр. Тек бүйректен сирақ шығарған қырғыздар қарсылық танытқан. Айта кету керек, көкпардан әлем чемпионаты алғаш рет Астанада өтіп жатыр. Дүбірлі додаға АҚШ, Ауғанстан, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Түркия, Тәжікстан сынды 12 мемлекет қатысып жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 миллион теңге. Осы сомадан қағылғысы келмеген  қырғыздар ұзақ салғыласып, ақыры райларынан қайтты.

Жырғалбек Саматов,  Қырғызстан көкпар федерациясының вице-президенті:

-Қайсы ат ойындары болмасын тағаламен ойнап жүріседі. Қазір барлық басшылық, спорт министрлігінен келіп, сөйлесіп, бір шешімге келдік. Қырғыз мемлекетінің құрама командасын  ойынға шығады.  Моңғолиямен ойнайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде