{metadescription}
Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген
Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Салғырттық кесірінен біреудің сәбиін көме жаздады! Жаға ұстатарлық жағдай Шымкент перзентханасында болды. №4-ші перинаталдық орталық қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген. Жерлер алдында ұлдарының денесін жуындырмаққа ашқан ағайын-туыс, 5-6 айлық қыздың мәйітін көріп шошыпты. Әбден ашуға мінген олар, мән-жайды түсіндіруді талап етіп бүгін перзентхана дәрігерлерін жағадан алды.

Күні кеше ғана сәбилі болып шаттанған Айжан, енді шақалағының мүрдесіне қарап есінен тана береді. Шілденің 28-не №4-ші перинаталдық орталықта босанған ұлы 20 күннен кейін көз жұмған. Қайғыдан қан жұтқан ана бұған дәрігерлерді кінәлап отыр.

Айжан Кенжетайқызы, марқұм нәрестенің анасы:

-Система салды тоқтаусыз. Медбике антибиотик деді. Көз алдымда көкпеңбек болды балам.  Реанимацияға барғанша жүрегі үзіліп кетті.

Мүслім деп есім берген бала өлгенде де Алланың ісі деп, ши шығармаған жақындары бүгін денесін үйіне әкелгенде жаға ұстады. Жерлеудің алдында жуындыру үшін оралған ақ матаны ашқан кезде Мүслімнің орнына өзге шала туылған 4-5 айлық қыз баланың денесін көрген. Ашуға булыққан туыстары дереу перзентханаға келіп, дәрігерлерден жауап беруді талап етті.

Серік Елтайұлы; марқұм нәрестенің туысы:

- Мүслімнің  орнына Алена деген орыс қызын беріп жіберген . Мұсылмандық ғұрыппен  жаназасын шығару үшін  баланы жуындырмақ ашсақ, ішінде қыз бала жатыр.

Ұлардай шулап, ашуын кімнен аларын білмей тұрған туыстарына дәрігерлер де ұстатар емес. Таңертеңнен бері бір жауаптыны таба алмай жүрген жұртқа ақыры бас дәрігердің орынбасары шықты. Перзентхана басшысы кінә қызметкерлерінен екенін мойындап отыр. Сондықтан, арнайы тексерістен кейін барлығы жазаланатын болады деп уәде берді.

Мәдина Мәмбетова, ОҚО №4-ші перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Біз қашпаймыз неден, жауаптан. Жауаптылар  жауап береді.  Өте қиын жағдай. Кешірім сұраймыз.

Туыстары ұлардай шулаған соң он шақты полиция қызметкері де келген. Шағымды тіркеп алғанымен олар әзір қай бап бойынша іс қозғалатынын айта алған жоқ.

-Абдыраған ата-ананың арызын қазір полицейлер әкетті. Перзентхана мамандары да өз арасында қызметтік тексерудің басталғанын айтады. Ал, өз баласының мүрдесін әзер алдырған туыстары Мүслімді бүгін-ертең жер қойнына тапсырмақшы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

14 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде