{metadescription}
Ұлттық банктің әрекеті теңгеге кері әсер етті
Ұлттық банктің әрекеті теңгеге кері әсер етті

Ұлттық банктің әрекеті теңгеге кері әсер етті

Бас банктің базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдағаны сол еді, ұлттық валютамыз әлсірей бастады.

Қор биржасындағы теңгенің қазіргі құны – 333 теңге 20 тиын. Яғни, тамыз басталғалы тұрақтала бастағандай болған теңге қайтадан құбылып шыға келді. Кеше ғана ақша айырбастау орындары АҚШ ақшасын 332-ден сатқан. Ал бүгін биржаның өзінде доллар құны көтеріліп кетті. Ақша айырбастау орындары, әрине, жаңа бағамға өз үстемелерін қосып үлгерген. Теңгенің құбылуына бұл жолы Ұлттық банктің кешегі шешімі әсер еткен болуы мүмкін. Бас қаржы ұйымы жылдық инфляцияны есепке ала отырып, +/- 1 деген есеппен базалық мөлшерлемені 10,25 пайызға дейін төмендеткізген еді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде