Елімізде бюджеттің миллиардтары бөлінген ондаған зауыт тұралап тұр
Оның барлығы мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы бойынша тұрғызылған болатын. Алайда, жарнамасы жер жарған кәсіпорындар сол күйі ашылмады.
Автор: Азамат Алдоңғаров
22.08.2017
Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:
-Бүгінгі таңда тұралап тұрған 15 нысан бар. Төртеуі Қостанайда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында екеуден, Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстанда бір-бірден. Аталған өңір басшылары бұл істі дереу қолға алулары тиіс.
Жалпы алдағы бес жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасына 878 миллиард теңге бөлінбек. Былтыр желтоқсанында 23 су жаңа нысанның құрылысына бюджеттің 180 млрды жұмсалған. Қағаз жүзінде ғана кәсіпорын ашатын әкімдермен әңгіме енді басқаша болады. Премьер-министр желтоқсанның біріне дейін тұралап тұрған 15 зауытты түгел іске қосуға пәрмен берді. Қолда бары жөнді істемей тұрғанда биыл Үкімет индустрияландыру бағдарламасына өткен жылдан екі есе көп ақша, 360 млрд теңге бөліп қойыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары