{metadescription}
Алматы облысында мектептің төбесі опырылып түсті
Алматы облысында мектептің төбесі опырылып түсті

Алматы облысында мектептің төбесі опырылып түсті

Бастауыш сыныптары оқитын Есік қаласындағы бұл білім ордасы негізі жөндеуге жабылған болатын. Екінші қабаттың едені сол құрылыс жұмыстары кезінде қирапты. Дереу жөндеу де тоқтатылып, ғимараттың опырылған бөлігі мүлдем жарамсыз деп танылған. Ал оқушылары басқа мектептерге бөлініп жатыр. Тек бұған үйреншікті жерінен қозғалғысы келмейтін ата-аналар үзілді-кесілді қарсы.

Жаздың аяқталуы мен жаңа оқу жылының басталуына бір апта қалғанда Есіктегі мына мектептің басшылығы даудың астында қалды. Себебі жөндеу жұмыстарының барысында екінші қабаттағы спортзалдың едені опырылып түскен. Кейін тозығы жеткен ғимаратты тексеру барысында оның оқуға жарамсыз екені анықталған. Ал оқушылардың басым бөлігі жақын маңдағы мектептерге ауыстырылуда.

Мектеп деген аты ғана болмаса іс жүзінде қос қабатты бұл ғимараттың жартысын кәсіпкерлер кеңсеге айналдырған. Жарты ғасырлық тарихы бар оқу ордасының өзі сол заманнан бері жөндеу көрмеген сыңайлы. Тақтасы мен партасы, еденіне дейін кеңес дәуірінен қалған. Санитарлық жағдай да мәз емес.

Тұрар Бақтыбаева, ата-аналар комитетінің төрайымы:

-Бұл ғимаратта 17 сынып бар. Санитарлық норма бойынша әр бөлме 54 шаршы метр болуы тиіс. Бұл жердегі бір кабинет те талапқа сай келмейді. 20-22 шаршы метр жерде балалардың оқуына тура келеді.

Жергілікті билік сол олқылықты биыл түземекке кіріскен. Бірақ, ескі ғимараттың «жыртығы жамауға келмеді». Сондықтан, бастауыш оқушылары сол ауладағы негізгі мектепке ауыстарылып жатыр. Сыймағандарын Есіктің басқа білім ордаларына бөлмекші. Бірақ бұған ата-аналар қарсы. 

Ұл-қыздарын алысқа тасығысы келмейтін ата-аналар осылайша апатты ғимараттың қайта жөнделуін талап етуде. Ал шенеуніктер мұның мүмкін емес екенін ашық айтып отыр. Сондықтан, алыс болса да, баланың амандығы үшін басқа мектепке ауысудан басқа амал жоқ.  

Бәтес Аманова, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы:

–Ата-аналардың талабы - біздің балаларымыз өзінің үйренген мектебінде оқуы керек деген талап. Егер біз ата-ананың бұл талабын орындайтын болсақ, біз 3 ауысымға ауысуымыз керек болады. Әрбір бала өзінің тұрғылықты мекен-жайындағы мектепке қатынап оқуы керек. Өйткені басқа мектептер баланы қабылдауға дайын.

Ата-аналардың шағымынан кейін Есіктегі бес мектептің басшылары қайтадан тізім құрып, мүмкіндігінше оқушыларды ықшамаудан емес, барып-келер жолдың қашықтығы бойынша қабылдауды бастамақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.