{metadescription}
Есеп: Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты
Есеп: Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты

Есеп: Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты

Жыртылған шалбар, жалған мемлекеттік нөмір және қоршаусыз қала. Алматыдағы ұстаздардың тамыз кеңесінде қала әкімі Бауыржан Байбек елдің есінде қалатындай ерекше баяндама жасады. Ол білім саласының қызметкерлеріне жол ережесін бұзып жалған нөмір тағып алған мұнай компаниясының басшысын полицияға қалай ұстап бергенін айтты. Сондай-ақ түбіртексіз сауда жасаудың соңы немен аяқталуы мүмкін екенін де ескертті. Үштілділік те назардан  тыс қалған жоқ.

Бүгін Алматыда өткен тамыз кеңесінде ұстаздар қауымы екі сағат тапжылмай отырып, ұялы телефонға да үңілмей, қала басшысын ұйып тыңдады. Бауыржан Байбек те жиналғандардың ішін пыстырмас үшін баяндамасын жан-жақты етіп дайындап келген екен. Ол қымбат көлік мінген кей дөкейлердің әрекетіне қарны ашатынын айтты.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Мен кейде жұмыстан кеш шыққанда көліктердің қалай болса солай тұрғанын көрем. Біреу  үлкен джипін  жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа қойып кетіпті. Бірден полицияға телефон шалдым. Кейін белгілі болғанындай, көліктің иесі мұнай компаниясында жұмыс істейді екен. Ал оның нөмірі тіркеуде жоқ, жалған нөмір.

Бауыржан Байбек қалада жасалып жатқан ауқымды жұмыстарды білім саласымен байланыстырып отырып жеткізуге тырысты. Жөнделіп жатқан жолдар мен шаһардағы жетпіс шақырымға жуық қоршауды алдырып тастағанын да айтты. Салық мәселесіне кеңінен тоқталды. Әкімді адамдардың гүл сатып алғанда түбіртек сұрамайтыныда  алаңдатады екен. Ол түбіртек сұрамай, сауда жасаған адамға сатушы жыртық шалбар беріп жіберсе ол оны қайта өткізе алмайды деп мысал келтірді. Үш тілділік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Мысалы, жақсы мейрамханада даяшы 3 тілде еркін сөйлеуі керек. Қазақ тілінде және орыс тілінде тапсырыс алу үшін. Және шетелдіктерге қызмет көрсету үшін. Біз универсиада кезінде полицейлерді ағылшынша сөйлеттік. Ағылшын тілі деген мәдениеттің, өркениеттің тілі.

Тамыз кеңесін өзінің өткір мысалдарымен қыздырған әкім жаңа оқу жылында Алматы оқушыларын қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтуды ды ұмытпады. Мысалы, биыл 1,2 және 5,7-сыныптар жаңа бағдарламамен оқытылса, қалада 33 мектептің 8-сыныптары енді жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өтеді екен. Ол үшін ұстаздар жаз бойы арнайы дайындықтан өткен Бірақ физика, химиядан әзірге ағылшынша  кітап жоқ.

Айтылған әдемі сөз бен іс кейде осылай бір-бірін таппай жатады. Алматыдағы тамыз кеңесінде бәрі әдемі айтылды. Мысалы, электрондық күнделік, мектептердің жер сілкінісіне төтеп беру үшін қайта жабдықталып жатқаны сөз болды. Ал жиын соңында әдеттегідей үздік ұстаздар мен ардагер мұғалімдер марапатталды. 

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде