{metadescription}
 Құтқару операциясы: Ирактағы соғысқа аттанған қазақтар елге қайтып келе жатыр
 Құтқару операциясы: Ирактағы соғысқа аттанған қазақтар елге қайтып келе жатыр

Құтқару операциясы: Ирактағы соғысқа аттанған қазақтар елге қайтып келе жатыр

Ирактағы қарулы қақтығыс болып жатқан Таль-Афар қаласынан  босап шыққан отандастарымыз жақын күндері елге оралады. Сыртқы істер министрлігі 14 жерлесімізді эвакуациялауға әзірлік жұмыстарын бастап кетті.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Бұл жағдаймен Қазақстанның Иордания елшілігінің дипломаттары айналысуда. Бұл кісілер сол жаққа қалай барғанын,  не себеппен, қалай шығарылғаны туралы ақпаратты  қазір анықтап жатырмыз.

Отандастарымыздың Ирактағы соғыс болып жатқан Таль-Афарға не үшін барғанын ресми орындар осылайша айтпай отыр. Бір анығы – құтқарылған 14 адамның 10-ы балалар. Соған қарағанда, бұлар ДАИШ-тың қарамағында соғысқан қазақтардың отбасы болуы мүмкін. Мұның алдында, Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров гуманитарлық операция кезінде қанды қырғынның ортасынанда жүрген Ресей мен Қазақстан азаматтарын қауіпсіз жерге шығардық деп хабарлаған болатын.  Айта кетсек, Ирактың Таль-Афар қаласы үш жылдан бері ДАИШ террористік тобының құрсауында. Қазір мұнда содырлар мен үкімет әскері арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде