{metadescription}
Алматы облысында жантүршігерлік ұшақ апатынан тірі қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтты
Алматы облысында жантүршігерлік ұшақ апатынан тірі қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматы облысында жантүршігерлік ұшақ апатынан тірі қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтты

Ұшақ апатынан аман қалған жолаушы әуе көлігінің қалай құлағанын айтып берді.  Алматы облысы Балқаш ауданындағы төтенше жағдайдан кейін Орынғали Зікірбаевтың беті бері қараған. Дәрігерлер де бел омыртқасы мен жамбасы сынған 35 жастағы жігіттің жағдайы қалыпты деп отыр. Ал ұшақтың құлауына нақты не себеп болғаны әлі күнге белгісіз.

Бір ажалдан аман қалған Орынғали Зікірбаев Қалқамандағы ауруханада жатыр. Ұшақ апатынан бел омыртқасы мен жамбасы сынып, кеудесі қатты жараланған оның бүгінде беті бері қараған. Бәрі қас қағым сәтте болды дейді өзі. Ол тек ұшқыштың «қозғалтқыш істен шықты» деген сөзін ғана естіп үлгеріпті.

Орынғали Зікірбаев:

- Ұшақтың моторы бұзылды  ғой деймін. Сөйтіп құладық қой. Мандытып ештеңе естіген жоқпын. Наушник болды  құлақта.

25 тамыз күні таңертеңгі 11-лер шамасында Боралдайдан ұшқан  ұшақ Балқаштың қақ ортасындағы аралға барып қонуы керек еді. Он минутқа жуық әуеде қалықтаған  жеке компанияға тиесілі MAULEN-7-260 C әуе көлігі көлдің жағасына жетер-жетпес жерде құлаған. Апат орнына бірінші болып ауыл тұрғындары келеді. Қансырап жатқан адамды  көрген олар бірден сол маңда  демалып жүрген дәрігерді шақырған.

- Құлаған соң көзіңізді ашқанда көргеніңіз не болды?

- Бетіме бензин құйылып жатыр екен.

- Сосын адамдар келіп шығарып алды ма?

- Ия, 5-10 минутта келді.

Виктор Дарницын, Алматы қалалық №7  клиникалық аурухананың травмотологы:

-Еңбек демалысында едім. Балқаштың жанындағы ауылдың адамдары менің сол жақта жүргенімді білетін. Бірден хабарласты. Келіп алғашқы көмек көрсеттім. Кейін санавиацияның ұшағымен ауруханаға дейін келдік. Ем дом жасалған соң Балқашқа қайттым.

Үш баланың әкесі Орынғалидің көрер жарығы бар екен. Дәрігерлер тіпті ол 3-4 айда аяғынан тік тұрып кетуі мүмкін деп отыр. Ал ұшақтың тізгінінде болған 63 жастағы ұшқыш Анатолий Меньшиков оқиға орнында көз жұмғанын айта кетейік. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Бұл соңғы бір айда Алматы облысында құлаған үшінші ұшақ. Шілденің соңында Жаркентің маңында жүгері дәрілеу үшін әуеге көтерілген ЯК-12 әуе көлігі  апатқа ұшырап, түгі қалмай жанып кеткен. Кейін азаматтық авиация академиясына тиесілі тағы бір шағын ұшақ оқу-жаттығу барысында құлады. Үш оқиғадан бес адам қаза тапты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.