{metadescription}
Тастанды: Көкшетауда қала сыртындағы гараждардың бірінің жанына түнеп жүрген екі бала табылды
Тастанды: Көкшетауда қала сыртындағы гараждардың бірінің жанына түнеп жүрген екі бала табылды

Тастанды: Көкшетауда қала сыртындағы гараждардың бірінің жанына түнеп жүрген екі бала табылды

7 жасар ұл қол арбаға, ал 8 жасар қыз біреулер далаға тастап кеткен көрпешеге ұйықтап, жан сақтап жүріпті.

Сергей Тенев, Көкшетау қаласының тұрғыны:   

-Мен таңертең ерте жұмысқа келгенде олар гараждың жанында ұйықтап жатты. Сосын күндіз осы жерге от жағып, нан қақтап жеді. Келіп сөйлеспек болып едім, қашып кетті. Өздері шылым шегеді екен.

Айдалада ескі-құсқы төсекте ұйықтап жатқан қыз бен ер баланы көріп, әлдекім телефонына түсіріп алған. Көргендердің айтуынша, олар осы жерде бірнеше күн түнепті. Өздері құтымен су әкеліп, нан қақтап жеген. Қаңғыбас балаларға осы маңайдағы үйлерде тұратын балалар да тамақ әкеп беріп жүріпті. Белгілі болғандай екеуі де мектеп оқушысы екен. Оларды таныған бір азамат полицияға емес, отбасына апарып тапсырған. Көпбалалы отбасы осы маңдағы жатақханалардың бірінде тұрады. Полицияның айтуынша, 4 баланың анасы ішімдікке салынған. Балалары үйінен қашып жүреді екен. Қазір оны аналық құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл әйел отбасының жағдайын көруге барғандарға доқ көрсетумен болды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде