{metadescription}
Талдықорғандағы обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерінің өздері дерт жұқтырып алды
Талдықорғандағы обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерінің өздері дерт жұқтырып алды

Талдықорғандағы обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерінің өздері дерт жұқтырып алды

Далада тышқан аулап жүрген 4 маманның жаппай  қызуы көтеріліп, құсып, тіпті шаштары да түсе бастаған. Дәрігерлер олардан улану белгісі барын байқапты. Бірақ бекет басшылары мен санитарлар олардың нақты неден уланғанын және қандай ауру жұқтырғанын анықтай алмай отыр.

Шілдеден бастап қырық күн бойы далада тышқан аулау – обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерінің жылдағы әдеті. Мамандар биыл Өсек өзенін бойлай жатқан індерге қақпан құрыпты. Оны бақылауға кезекпен бір топ жұмысшыларын жіберіп отырған. Бірақ соңғы барғандардың төртеуінің жағдайы нашарлап, қызулары көтерілген. Артынша құсып, шаштарына дейін түсе бастаған. Қазір тек біреуінің беті қарап, жұмысына қайта қосылды.

Досжан Бисалов, Обаға қарсы күрес станциясының қызметкері:

-Ішіп-жеген суымыз, азық-түлік сапасына арыз-талап болған жоқ. Тауда жұмыс істегенде жаңбыр, бұршақ, тұман болды. Біз осы жолы улы заттармен жұмыс істегенжоқпыз .

Айдалада белгісіз ауру жұқтырғандардың бастықтары да бұл оқиғаға таң қалып отыр. Өйткені экспедиция жолға шықпастан бұрын медициналық тексеруден өтіпті. Әрі тышқан аулаушылардың қолына биыл химиялық у ұстатпаған. 

Алмас Бердібеков, Обаға қарсы күрес станциясының басшысы:

-Тышқан аулау үшін улы химикаттар қолданатынымыз рас. Бірақ бұл жолы тек қақпанды пайдаланып, аймақты тексеру ғана тапсырылды. Он адамның төртеуі қазір ауруханада. Оларға ауырып қалғанына байланысты заңға сәйкес айлықты уақытылы төлейміз. Жағдайлары жақсарып келеді.

Дәрігерлер төрт науқасқа он күннен бері нақты диагноз қоя алмай отыр. Әйтеуір улану белгілерін байқапты. Сондықтан тышқан аулаушылардың не ішіп-жегенін, қай аумақта жұмыс істегенін анықтауды санитарларға тапсырған. Олар Жаркент маңындағы ауадан сынама алып, ішкен суларына дейін зерттеп шығыпты. Бірақ қауіпті ештеңе таба алмаған.

Айгүл Қасенова, Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Науқастар жабайы аң-құстардың етін, саңырауқұлақ жемедік деп отыр. Тау суын ішіпті. Бірақ олар тұрған лагерь маңындағы су мен ауа сынамаларынан ауру қоздыратын ештеңе анықтамадық. Зертханалық көрсеткіштері жақсы. 

Тышқан аулайтын мамандар орналасқан лагерь маңында екі малшы ауылы бар. Ондағылардың да денсаулығынан ешқандай кінәрат табылмапты. Сондықтан обаға қарсы күрес станциясының қызметкерлеріне ғана жабысқан қандай дерт екені түсініксіз күйінде қалып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.