{metadescription}
Қызылордада ассенизатор көліктерінің жүргізушілері наразылық білдіріп жатыр
Қызылордада ассенизатор көліктерінің жүргізушілері наразылық білдіріп жатыр

Қызылордада ассенизатор көліктерінің жүргізушілері наразылық білдіріп жатыр

Өйткені, жергілікті шенеуніктердің шешіміне сәйкес, бұларға енді қала ішіндегі кәріз жүйелеріне лас суды төгуге тыйым салынған. Соған сәйкес, нәжіс аралас суды жүргізушілер енді қала сыртындағы көлге апарып төгуге міндетті. Және сол үшін қосымша ақы төлеуі керек екен. Бұған қарсы кәсіпкерлер енді бағаны көтеруден басқа амалымыз жоқ жеп отыр. Ал бұл айналып келгенде қара халықтың қалтасына салмақ түсірмек.

Жүргізушілер қазір нәжіс суларын қала сыртындағы мына көлшікке төгіп жатыр. Оның өзі қаладан 25-30 шақырым жерде. Ал жол атымен жоқ.

Алмат Мұлтаев, жеке кәсіпкер:

-Бұл жерге келісім шарт жасасудың не  керегі бар? Қандай адам шығыны болатынын  ешкім біліп жаткан жоқ

Нәжіс суын тасып, тиын-тебен тауып отырғандардың айтуынша, “Қызылорда су жүйесінің” арнайы көліктері де осы жерге келуге міндеттелген. Бірақ, олар сыртқа қатынап, қиындық көрмейді екен. Есесіне, қала ішіндегі кәріз жүйелеріне емін-еркін төгуге рұқсат алыпты.

Бауыржан Имаханов, жеке кәсіпкер:

-Жолымызды, шығынымызды көтермей тұр. Сол екі жанұя осымен өмір сүріп отырмыз.

Мұны жауапты орын басшыларының өздері де растап отыр. Айтуларынша, өз машиналары лас суларды тек мекеме аумағындағы құдықтарға төгеді. Ал жеке кәсіпкерлерге тыйым салуға соңғы кездері кәріз жүйелерінде бірнеше адамның қаза табуы себеп болыпты.

Нұржан Диханбаев, “Қызылорда су жүйесі” МКК директоры:

-Бұл су дәретхананың суы.  Бұл метан газының  пайда болуына ықпал етеді. Метан газы пайда болмас үшін, ластанбауы үшін сыртқа төгуге мәжбүр болдық.

Бірақ шенеуніктер жеке кәсіпкерлер болашақта қалаға қайтып келуі мүмкін деп отыр. Онда да әбден тозығы жеткен сору жүйелері жаңартылса. Қазір Қызылордада 60 шақты станция болса, оның жартысына жуығы келесі жылы ғана жаңартылмақ

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.