{metadescription}
Павлодарда апалы-сіңілі қыздарды басып кеткен жүргізуші қамауға алынды
Павлодарда апалы-сіңілі қыздарды басып кеткен жүргізуші қамауға алынды

Павлодарда апалы-сіңілі қыздарды басып кеткен жүргізуші қамауға алынды

Павлодарда апалы-сіңілі екі оқушыны трамвай басып кетті. 10 жасар қыз оқиға орнында жан тапсырса, оның 8 жасар сіңлісі ауруханаға жеткізілді. Жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болған қос оқушыны трамвай жүргізушісі аңғармай қалған. Уақытша ұстау абақтысына қамалған әйелді қазір полицейлер тергеп жатыр.

Жантүршігерлік жол апаты таңғы сегіздер шамасында мына көшелердің қиылысында болды. Жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болған қос оқушыны зулап келе жатқан трамвай қағып кеткен. Салдарынан 10 жасар Махаббат сол жерде көз жұмса, оның 8 жастағы сіңлісі жедел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қазір жеткіншекті аман алып қалу үшін қолдан келгенді жасауда.

Гүлсара Тәмпішева, Павлодар облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

–Жол апатынан зардап шеккен қыз бала бірден жан сақтау бөліміне жатқызылды. Бас сүйегі қатты жарақат алған. Қазір жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Тиісті ем-дом жасалып жатыр.

Ал трамвайды тізгіндеген жүргізушіні қазір полицейлер тергеуде. Тәртіп сақшыларына жеткіншектерді аңғармай қалғанын жеткізген 30 жастағы азаматша кінәсін толық мойындап отыр.

Руслан Аспанов, Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

– Осы жол апатына қатысты «Көлік тізгіндеген азаматтың жол қозғалысы ережесін бұзуы салдарынан адам өлімінің орын алуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар да тағайындалған. Күдікті әйел үш тәулікке уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Оқыс оқиға жеткіншектер білім алып келген мектеп мұғалімдерін де есеңгіретіп жіберген.Үлгілі оқушысынан айрылғандарына ұстаздар әлі де сене алмай отыр. 

Нұржиан Бәтесова, №4 мектеп директоры:

-Екі қыз да өте жақсы оқиды. Сынып жетекшілері жылап еңіреп айтып жатыр. Міндетті түрде жерлеуіне көмек көрсетеміз. Екіншіден, баланы қойғаннан кейін мектепте, әрине аза тұту болады.

Жеткіншектерді таңертең мектепке аттандырған қыздардың анасы оларды жалғыз тәрбиелеп келген. Үш баласымен жатақхананы паналаған оның күйеуі де екі жыл бұрын қайғылы жағдайда қаза тапқан екен.

-Ал трамвайды тізгіндеген азаматша бұл қызметте бес жылдан бері жұмыс істейді. Әзірге уақытша ұстау абақтысына қамалған әйелдің 6 жасар қызының барын айта кетейік. Десе де, кінәсі дәлелденген жағдайда ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал трамвай басқармасындағылар қаза тапқан қыздың отбасына материалдық көмек көрсететіндерін мәлімдеп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде