{metadescription}
Астанада әйелін тірідей өртеп жіберген атышулы Қанат Сәдуовтың балалары әкесінен алимент төлеуді талап етті
Астанада әйелін тірідей өртеп жіберген атышулы Қанат Сәдуовтың балалары әкесінен алимент төлеуді талап етті

Астанада әйелін тірідей өртеп жіберген атышулы Қанат Сәдуовтың балалары әкесінен алимент төлеуді талап етті

Әйелін тірідей өртеп жіберген атышулы Қанат Сәдуовтың балалары көмекке мұқтаж. Жетім қалған төрт бала нағашы апасының қарауында Қызылжарда жүр. Сот Сәдуовты әкелік құқығынан айырып, балаларына 11 млн теңге материалдық шығын өтеуді міндеттесе де, екі жылда олар бір тиын алмапты. Алимент те 3 млн-ға жеткен. Алайда қылмыскер түрмеде жұмыстан үзілді-кесілді бас тартып, жанын күтетін көрінеді. Ал заң бұл ретте дәрменсіз.

Кішкентай Арина биыл бірінші сыныпқа барды. Бірақ мектепке оны өзге балалар сияқты анасы емес, нағашы апасы жетектеп апарған. Беске жетер-жетпесте жетім қалған бүлдіршіннің анасы туралы естелігі жыл өткен сайын бұлыңғырланып барады.

Бұл Светлана Сәдуованың кенжесінің естелігі. Ал тоғыз жасар Арман анасын әлі де жылап еске алады. Бүлдіршіндердің анасын 2015 жылы әкелері өлтірген. Жан түршігерлік қылмыстан кейін бас сауғалаған қылмыскер бірнеше айдан соң ағасының үйіндегі жертөледен табылған-ды. Сот үкімімен 18 жылға сотталған азаматтың түрмеге қамалғанына екі жылдан асты. Төрт баланың тәрбиесін марқұмның апасы өз мойнына алған. Алайда балалар әлі күнге дейін әкелерінен сот тағайындаған материалдық шығынды өндіре алмай жүр.

Айгүл Дәрменова, марқұм С.Сәдуованың апасы:

-Жеке сот орындаушылары жұмыс істегісі келмейді. Ештеңе өндіре алмаймыз деп қарап отыр. Онда сот неге болды, сот неге ондай үкім шығарды?

Судьяның үкімі мен оның орындалуы екі бөлек дүние көрінеді. Сот залынан абақтыға аттанған Қанат Сәдуовтан екі жылда бірде-бір хабар жоқ. Тас бауыр әкеден бүгін оның балалары да бас тартып отыр.

Талғат Сәдуов, Қ.Сәдуовтың ұлы:

-Байланыс болмайды да. Хабарласпаймын. 18 жыл бойы отырсын түрмеде, шықпай.Балалар Петропавлда, өзім Астанадамын қазір.

Үйдің үлкені Талғаттың тапқаны қалған үш баланың қажетіне жетпейді. Балалардың оқуына бола шалғайдан Қызылжарға көшкен Айгүл, мына үйді 80 мыңға жалдап тұрады. Жетімдер мемлекеттен де ешбір көмек көрмейді. Есесіне, мемлекеттің есебінен ішіп-жеп, қамауда жатқан әкелері жұмыс істеуден бас тартыпты. Ал мәжбүрлеп жегуге заңның күші жоқ.

Олег Корчагин, заңгер:

-Асырап алушы сот бұйрығын алуға өтініш беруі керек. Ол күшіне енген соң, бұйрықты сот орындаушысы арқылы түзету мекемесіне тікелей жібереді. Мекеменің арнайы бөлімшесі қарызды сотталушының табысынан ұстап отыруы керек. Әрине, егер де табыс болса.

Бір сөзбен, заңның қылмыскердің құқығын қорғауға күші жеткенімен, жылап қалған жетімдерді жебеуге әмірі жүрмейді. Жұмыс істемек түгілі, жөн айтуға ерінетін сот орындаушыларына шара таппаған жетімдер, жанайқайы журналистер арқылы құзырлы органдарға жетеді ме деген үмітте.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

14 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде