{metadescription}
Еуразиялық одақ ішінде қару-жарақ алып жүруге рұқсат етілмек
Еуразиялық одақ ішінде қару-жарақ алып жүруге рұқсат етілмек

Еуразиялық одақ ішінде қару-жарақ алып жүруге рұқсат етілмек

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бір-біріне қызметтік қару мен аңшы мылтығын емін-еркін тасымалдауға рұқсат етпек. Яғни, Қазақстан азаматтары Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейге рұқсатсыз қару алып өте алады.

Тек қарудың Ішкі істер министрлігі берген құжаты болса жетіп жатыр.  Аталған 5 елден қосымша рұқсаттың керегі жоқ. Сәйкесінше, Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары да елімізге қызметтік, күзет компанияларына, банктер мен ірі мекемелерге тиесілі қарулар мен аңшы мылтығын еркін әкеледі. Қазірдің өзінде жыл сайын 700-ге жуық шетелдік Қазақстанға аң ату үшін келеді екен. Сондай-ақ, қарудың иесі басқа мемлекетке көшсе де шекарашылар қосымша құжат сұрамайды. Ал қарудың 16 түрін тасымалдауға тыйым салынған. Олардың тізімі әзірге жарияланған жоқ. Жаңа құжатты бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті талқылап, жалпы отырыста қарауға жіберді. 

Дархан Қалетаев, Сенат депутаты:

-Сіздің құжатыңыз бар ғой рұқсатыңыз. Осы Евразиялық мемлекеттердің арасында осы келісім бойынша жүруге болады. Қызметтік қарулар бар, жеке қару да бар, әсіресе аңға баратын қаруға байланысты. Рұқсатсыз жүрісі осы келісім бойынша

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 қыркүйек

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.