{metadescription}
 «Экспода» ұсынылған тың идеялар елімізде іске аспақ!
 «Экспода» ұсынылған тың идеялар елімізде іске аспақ!

«Экспода» ұсынылған тың идеялар елімізде іске аспақ!

Астанада үш ай бойы айтылған түрлі инновациялық жобаларды ғалымдар талдап, зерттеуді бастап та кетті.

Ол үшін халықаралық көрме жанынан арнайы орталық ашылған. Әзірге «жасыл экономиканы» жаңғыртуға арналған нақты қанша жобаның бары белгісіз. Бір анығы мамандар электр энергиясын үнемдеуге көбірек көңіл бөлмекші. Сарапшылардың айтуынша, бұл жарыққа кететін шығынды азайтып қоймай, қоршаған ортаны қорғау үшін де таптырмас мүмкіндік. Бір айта кетерлігі, болашақ энергиясын жаңғыртуға қатысты жұмыстар Тұңғыш президент қорының көмегімен іске аспақ.

Ержан Салтыбаев, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры:

-«Эксподағы» жобаларды тізіп шығып, оны талдау өте үлкен жұмыс. Біз тек елімізге қажеттісін ғана алуымыз керек. Ал, оны іске асыру алдағы бірнеше жылдың шаруасы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.