{metadescription}
Қыркүйекте қар жауды!
Қыркүйекте қар жауды!

Қыркүйекте қар жауды!

Күні кеше күшті дауыл тұрып, бұршақ жауған Шығыс Қазақстанға бүгін ақ ұлпа түсіп үлгерді. Тұрғындардың айтуынша, қар Глубокое және Зырянов аудандарында жауған. Ауа райының күрт суып кетуіне қатты жел әсер еткен көрінеді. Оның жылдамдығы секундына 32 метрге дейін жеткен. Зақымданған нысандар да бар. Мәселен, Көкпекті аудандық ауруханасының шатырын жұлып кетсе, Риддер қаласында ұшқан металл құрастырмалары бірнеше көлікті бүлдіріпті. Ал синоптиктер бүгін түнде де қар жауып, осы аптада ауа температурасы минус үшке дейін төмендейді деп отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.