{metadescription}
Назарбаев saebiz сөзін қалай жазамыз деп даурығып жүргендерге жауап берді
Назарбаев saebiz сөзін қалай жазамыз деп даурығып жүргендерге жауап берді

Назарбаев saebiz сөзін қалай жазамыз деп даурығып жүргендерге жауап берді

Нұрсұлтан Назарбаев девальция болады деп елді дүрліктіріп жүргендерді тағы сынға алды. Теңгенің күрт құнсыздануына әзірге ешқандай салдар жоқ деген президент негізссіз алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге кеңес берді. Бүгін Ақордада отандық және шетел тілшілеріне сұхбат берген Елбасы, экономика, әлемдік саясат, латын әліпбиіне ауысудан бөлек, ЭКСПО-ға жұмсалған қыруар қаржының қалай қайтқанын айтты.

Аса қауырт жұмыс кестесіне қарамастан бүгін президент бір топ журналистерге уақыт бөліп, оларды ашық әңгімеге шақырды. Тіпті арасында сұрақ қоюшыларды өзі таңдап, емін-еркін отыруға кеңес берді. Осыдан соң БАҚ өкілдері белсеніп, бірінен соң бірі сауалдарын қарша боратты. Алдымен тілшілер тағы девальвация болуы мүмкін деген сарапшылардың болжамын алға тартқаны сол еді, Елбасы оның алып-қашпа әңгіме екенін  қайталады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-"Это досужие домыслы. Никаких предпосылок, по крайней мере сейчас, нету. Свободно плавающий курс тенге правильный. Если жестко его привязать, то придется тратить государственные деньги. Конечно, если резкие колебания, когда нефть была 135 долларов баррель и упал на 40, конечно, и рубль падает, и тенге. Сегодня таких предпосылок нет. Нефть - 52-55  долларов, стоит устойчиво. Будет изменяться, люди к этому привыкают".

Нұрсұлтан Назарбаев қазір елде қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне тоқталды. Ешқандай асығыс болмайтынын айтқан ол, мектептерге латынмен оқыту шамамен 2022 жылға қарай басталатынын ескертті. Оның үстіне Қазақстан кириллицадан түбегейлі бас тартқалы жатқан жоқ. Осы жерде мемлекет басшысы Үкімет ұсынған алфавит төңірегіндегі түсінбестікке өзі араласып, латынша сәбізді қалай жазамыз деп бас қатырып жүргендерге де жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Адамдар «сәбіз» сөзіндегі ә әрпін (saebiz) қалай оқимыз деп бас қатырып жүргенге ұқсайды. Ә әрпі ае болып таңбаланады. Олар сонда біз бұл сөзді «саебиз» деп оқуымыз керек пе деп жатқан көрінеді. Олай болса boeing сөзі ағылшынша қалай оқылатынын еске түсірерміз? Ал «мектеп» сөзін ағылшынға қалай оқимыз? Француз тілінде, мәселен, бір дыбысты айту үшін 10 әріп қажет. Сондықтан бұлай айту дұрыс емес (…). Қазақ тілінде щ, ю, я дыбыстары жоқ. Қазақстан Японияны Жапонияны дейді. Ч әрпі, жіңішкелік белгісі, жуан белгісі жоқ. Яғни, біз осы әріптерді қолданып нағыз қазақ тілін бұрмалап жүрміз. Яғни, қазір біз өз тіліміздің негізіне оралып жатырмыз. Бұл мемлекетіміз үшін маңызды оқиға

Баспасөз мәслихатында биылғы жылдың ең басты оқиғасы - ЭКСПО-да сөз болмай қалмады. Елбасы ЭКСПО қалашығын салуға  жұмсалған миллиардттардың толық ақталғанын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-ЭКСПО-ға жұмсалған қаражат Астанаға ағылған туристердің есебінен қайтып оралды. Астананың барлық қонақүйлері, мейрамханалары, концерттік залдары мен дүкендері лық толы болды.Бизнес жақсы серпін алды. Астананың бюджетіне түсім бірнеше есеге өсіп, бизнесмендер өз ақшасын тапты.1400 қазақстандық компания құрылысқа атсалысып, металл, құрылғылар, жаңа материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Мультипликативті эффект болды.

Түркиядағы төңкерістен кейін еліміздегі қазақ-түрік лицейлеріне қара бұлт үйрілгені белгілі. Себебі ресми Анкара бұл білім ордалары әйгілі ғалым Фетхуллах Гюленнің ілімін насихаттайды деп Қазақстаннан лицейлерді тегіс жабуды талап еткен болатын. Бұл мәселені жақында елімізге келген Түркия басшысы  Ердоған тағы көтеріпті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Түрік мұғалімдерінің ішінде төңкеріске кінәлі дегендерін біз қайтардық. 11 адам меніңше. Біразы өзі сұранып шетелге кетіп қалды. Кеше келгенде Ердоған мырза тағы сұрады менен. Міне, қалғандарының ешқандай қылмысы жоқ. Егер де дәлел берсеңдер қылмысы бар деп, онда құұқыққорғау органдары қарасын дедім.  Қылмысы жоқ адамдарды біз сіздерге байлап бере алмаймыз дедім, сөйтіп келістік. Меніңше бұл мәселені жаптық деп ойлаймын.

Назарбаев президенттің жұмысы тек заңдарға қол қоюмен шектелмейтінін айтып ағынан жарылды.  Осы жерде мемлекет басшысы "интернетке қаншалықты жиі кіресіз?" деген сұраққа былай деп жауап берді:

-Да некогда мне туда смотреть.  Конечно смотрю. Работаю, смс-ки получаю. Номер дать телефона?

-Саясаттан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев спортты да ұмытқан жоқ. Ол жексенбіде әйгілі Генадий Головкиннің боксын Ашхабадта отырып міндетті түрде көретінін айтты. Себебі бұл күні президент Түркіменстанға Азия ойындарының ашылу салтанатына қатыспақ. Ал 1 жарым сағаттың ішінде 30-дан астам сұраққа  жауап берген Елбасы, журналистермен жиі кездесіп тұруға уәде етті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде