{metadescription}
 Астаналық жүргізушілерді ел аузында "жүзім" аталып кеткен камералар шошытып жатыр
 Астаналық жүргізушілерді ел аузында "жүзім" аталып кеткен камералар шошытып жатыр

Астаналық жүргізушілерді ел аузында "жүзім" аталып кеткен камералар шошытып жатыр

Бүгіннен бастап іске қосылған су жаңа бақылау құрылғысы жол ережесін бұзғандарды қалт жібермей түсіріп алады.

Қазір қалада 24 сағат бойы жұмыс істейтін осындай үш мыңға жуық камера бар. Әрі жыл соңына дейін тағы 10 мыңы іске қосылмақ. Олар тек жол қиылысында ғана емес, адам көп жүретін орындарға да орнатылады. Ал, мақтауы асырылған камералардан қатты қорқып қалған жүргізушілер құрылғыны сырт келбетіне қарап, «жүзім» немесе «Исекешовтің көзі» деп атап кеткен. Олар жылдамдықты көбейтіп, стоп сызығынан асқандар мен автобус жолағына шыққандарды да түсіреді. Ал, жылдамдық асырғаны үшін айыппұл 20-мыңнан 70 мың теңгеге дейін. Бір айта кетерлігі бейнебақылау көбейгенімен Ішкі істер мен Әділет министрліктері камераға түскен жүргізушілерге де жеңілдік жасау туралы заң жобасын әзірлеп жатыр.

Әлібек Кеңесбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

-Жол ережесін бұзған әрбір үшінші жүргізушіні камера анықтайды. Сондықтан хаттама толтырылғандарға ғана емес барлығына жеңілдік қарастырылуы тиіс. Яғни, заң жобасына сәйкес, камераға түскен жүргізушіге смс хабарлама келеді. Сол күннен бастап бір апта ішінде айыппұлды төлесе 50 пайыздық жеңілдік болады

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде