{metadescription}
КТК өз көрермендерін таңқалдырмақ! Жаңа телемаусымда бірқатар жобалар эфирге шықпақ
КТК өз көрермендерін таңқалдырмақ! Жаңа телемаусымда бірқатар жобалар эфирге шықпақ

КТК өз көрермендерін таңқалдырмақ! Жаңа телемаусымда бірқатар жобалар эфирге шықпақ

Халықтың жанайқайын енді күндіз де жеткізетін боламыз! КТК жаңалықтары алдағы аптадан бастап көрерменімен 2 мәрте қауышатын болады. Елдегі ең өзекті оқиғаларды бұдан былай эфирден сағат күндізгі 15,00-де және кешкі 20,00-де көріңіздер. Жаңа стильдегі жаңалықтармен бірге, КТК көрген жанды қызықтыра түсетін су жаңа «АПТАП» сараптамалық бағдарламасын ұсынады. Онда «сен тұр, мен атайын» деген журналист қыз-жігіттер ашық айтыла бермейтін қоғамдағы күйіп тұрған мәселелерді көтермек.

Нағыз қызықтың бәрі тек алда! Дүйсенбіден бастап КТК-да «Дау-дамайсыз» атты ең «даулы» бағдарлама жұмысын бастайды. Ел естімеген оқиғалардың бәрі осында. Өз үйінен қуылғандар, жетімдер үйінен жүкті боп шыққандар. Жан шошырлық жандарды елдегі ең танымал журналистердің бірі – Гүлмира Әбіқай айтып береді. Айтып қана қоймай, міндетіне атүсті қараған шенеуніктердің шаңын қағады.  

Гүлмира Әбіқай

-Оның тікелей функциясы мен міндеті халықпен жұмыс істеу. Халықпен жұмыс істемейді екен, басқа нәрсемен айналысады екен орнын босатсын! Біз солай ашық айтамыз соларға.

Тілшілердің араласуын қажет ететін ағайынның мәселесі сізді де қызықтырса, әр сенбі сағат 19-30-да КТК-ны қосыңыз. Ал жаңа маусымның ең басты жаңалығы – «Аптап» бағдарламасы.

-Ақтөбеде тірі адамға зират салу сәнге айналып барады. Бұрын қариялар қайтыс болғаннан кейін моласының жанынан жарына орын қалдырылатын. Енді жастар да жағаласып, мәңгілік мекенін алдын ала дайындап жатыр.

Серік Жанболат бастаған КТК жаңалықтарының «сен тұр, мен атайын» деген қыз-жігіттері сүйектен өтетін сараптама жасайды. Аты айтып тұрғандай, қоғамдағы ең қызу мәселелер талқыланады. Айтары көп, бірақ түрін көрсетуге қорқатын қонақтарға да сөйлеуге мүмкіндік бар мұнда.    

Серік Жанболат:

-Біз қоғамды тыңдағымыз келеді. Біз әріптес, дос болғымыз келеді. Қоғамның тамыршысы болғымыз келеді. Тамырын ұстап отырып, олардың қызу деңгейі қандай? Не айтқысы келеді қоғам? Міне, осының үнін шығарсақ дейміз. Негізгі «Аптап» бағдарламасының бірінші мақсаты осы.

Ендеше, әр жексенбі күні сағат 20,00-де «Аптапты» көруге асығыңыз. Жаңалықтар да жаңа маусымды жаңа жүргізушілермен ашқалы тұр. Ерланби Дәулетияр, Дина Төлепберген, Мадина Балғабаевалар бастаған жаңалықтар жаршыларының қатарына әріптесіміз Асыл Әділханұлы да қосылды.          

Асыл Махметов:

-Әрине, қобалжу бар. КТК телеарнасы Қазақстандағы рейтінгісі ең жоғарғы телеарна. Көптеген керемендер жаңалықтарын асыға күтетін телеарна. Осындай арнада жаңалық жүргізу мен үшін үлкен жауапкершілік! Құрметті көрермен, сіздердің ойдан шығамын деген ойдамын. Дүйсенбі күні, жаңа маусымда жүздескенше.

Дина Төлепберген:

-КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің қызметкерлері бұрынғыдай ең өзекті, ең шулы тақырыптарды сіздердің назарларыңызға ұсынатын болады.

КТК жаңалықтары да жаңа уақытпен шығатын болады. Сіздермен енді дүйсенбіден бастап, күндіз сағат 15,00-де және кешкісін 20,00-де қауышатын боламыз. Қазақ тіліндегі жаңа бағдарламаларды көбейткен КТК жаңа маусымда логотипін де өзгерткелі жатыр.     

**********************************************

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде