{metadescription}
Дала өртінің кесірінен Орал мен Ақсай қалаларының аралығындағы қатынас үзілді
Дала өртінің кесірінен Орал мен Ақсай қалаларының аралығындағы қатынас үзілді

Дала өртінің кесірінен Орал мен Ақсай қалаларының аралығындағы қатынас үзілді

Бет қаратпас қызыл жалын жол бойындағы орман алқаптарын күлге айналдырған.

Әсіресе Долин ауылының тұрғындары тілсіз жаудан аман қалғандарына шүкіршілік етіп отыр. Өйткені, өрт осы елдімекеннің іргесіне дейін келген. Қою қара түтін ауылды басып, тұрғындардың көбі қауіпсіз жерге қашыпты. Бүгінде Батыс Қазақстанның төрт ауданыдағы дала өртке оранған. Тілсіз жаудың ең үлкен ошағы Казталов ауданында. Онда 367 гектар аумақты жалын шарпыған.

Ерлан Төрегелдиев, Батыс Қазақстан облыстық ТЖД басқарма бастығы:

-Өртті ауыздықтауға күннің ысып, жел тұруы кедергі келтірді. Сондықтан біраз жерге жайылып кетті. Жұрт қуараған шөп өртейді, сонымен қатар шаруалардың техникасынан ош ұшқындары ұшады. Осылардың кесерінен далалықта от тұтанады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде