{metadescription}
Шымкентте көшкіннің астында қалып сарбаздардың өліміне айыпталған майор сотталды
Шымкентте көшкіннің астында қалып сарбаздардың өліміне айыпталған майор сотталды

Шымкентте көшкіннің астында қалып сарбаздардың өліміне айыпталған майор сотталды

Бүгін Шымкенттің әскери соты қар көшкінінің астында қалып мерт болған сарбаздардың өліміне қатысты айыпталған жалғыз майорға үкім шығарды. Бақыт Шойбеков кінәлі деп танылғанымен, 3 жылға шартты түрде ғана бас бостандығынан айырылды.

«Қызметіне салғырт қарағаны үшін» деп айыптап, бар-жоғы үш жыл бергенін судья бұған дейін майордың қызметінде кінәрәт болмағанымен, екі баласы мен кәрі шешесінің барымен түсіндіріп отыр. Оның үстіне мерт болған сарбаздардың туыстары Шойбековті толық кешірген еді. Айта кетсек, 7 сарбаздың өмірін жалмаған қайғылы оқиға биыл 17-ші ақпанда болған. Жамбыл облысындағы Көксай шатқалына әскери оқу-жаттығуға барған бір топ жауынгер қар көшкінінің астында қалып қойды. Құтқарушылар 16-сын қар астынан аман аршып алғанымен, 7-уі сол жерде жан тапсырған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде