{metadescription}
Астанада кезекті Сирия келіссөздері қалай аяқталды?
Астанада кезекті Сирия келіссөздері қалай аяқталды?

Астанада кезекті Сирия келіссөздері қалай аяқталды?

Хабарымызды күллі әлем көз тігіп отырған Астанадағы Сирия келіссөздерімен жалғастырамыз. Осы сағаттарда ресми Дамаск пен қарулы оппозиция Идлиб провинциясына қатысты ортақ келісімге келді. Сөйтіп қанға бөккен араб елінде төртінші қауіпсіз аймақ пайда болды. Құжат шын мәнінде орындалатын болса, бұл қалаларда оқ ату тоқтатылуы тиіс.

Бұған дейін отырыс залында айғайға басатын оппозиция өкілдері бүгін тым сабырлы. Осыған қарағанда, құр дауласумен ештеңенің шешілмейтінін түсінген секілді. Қорытынды кездесу басталмас бұрын кепілдік етуші мемлекеттер мен Сирия үкіметінің өкілдері кіре берісте алдын ала кеңесті. Бірақ сириялық  оппозиция бұл топқа қосылмады. Қатысушылардың барлығы мәжіліс залына кіріп кеткен соң ғана, қарулы  топ бөлек келді.

Жалпы, Астанадағы алтыншы кездесуде кепілдік етуші елдер 4  құжатқа қол қойды. Атап айтсақ, бақылаушы ретінде Түркия, Ресей мен Иран өкілдеріне деэскалация аймақтарына кіруге рұқсат беру және  әскери күш қолданудың тәртібіне қатысты өзара келісім жасасты. Қалған екі құжатты еліміздің Сыртқы істер министрі оқып  берді.

Əбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Кепілдік етуші мемлекеттер - Иран, Ресей, Түркия деэскалация аймақтарын бақылау әдістерін анықтау үшін үйлестіру орталығын құрады. Және Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдеріне тұтқындағы азаматтарды босату, із-түссіз жоғалып кеткендерді іздеу мен мерт болғандарды жерлеуге қатысты келісімге келіп, шаралар қолдануды ұсынады.

Иә, тараптар  Идлибке қатысты ортақ шешімге келді. Сириядағы соғыс болып жатқан бұл провинция құжат жүзінде қауіпсіз аймақтардың қатарына  қосылды. Бірақ, сириялық оппозиция Иранның деэскалация аумағындағы қауіпсіздікті қадағалауына мүлдем келіспей отыр. Қарулы топ мүшелері  Иранды тек кепіл ел ретінде қабылдайтындарын ескертті. Ал қарулы топ мүшелері әдеттігедей Башар Асад Үкіметін сынға алды.

Айман Әлсми, Сириялық оппозиция өкілі:

-Сирия үкіметі қамаудағыларды бостандыққа шығармай отыр.  200 мыңнан астам адам тұтқындалған. Олардың 20 мыңы әйелдер. Сирия үкіметі бұл мәселеге мән бермей келеді. Себебі, қамаудағылар бостандыққа шықса, олар түрмелерде  қандай жауыздық болып жатқанын бүкіл әлемге әшкерелеп берер еді.

Сонымен, төрт деэскалациялық аймақ  белгіленді. Олар - Хомас, Сирияның оңтүстігі, Шығыс Гутте мен Идлиб. Бұл өңірлерде оқ ату тоқтатылып, адамдарға гуманитарлық көмек көрсетілуі тиіс.Бірақ бұл талаптарды орындамады деп жауласқан екі тарап бұған дейін  бір-бірін әлі айыптаған болатын. Бүгін олар Астанада қол алысып кеткенімен, келісімнің қалай жүзеге асатыны белгісіз. Ал жетінші кездесу қазанның соңында тағы Елордада  өтеді деп жоспарланып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.