{metadescription}
Қарағандыда парамен ұсталған  «ҚазАвтоЖолдың» басшылары қамауға алынды
Қарағандыда парамен ұсталған  «ҚазАвтоЖолдың» басшылары қамауға алынды

Қарағандыда парамен ұсталған «ҚазАвтоЖолдың» басшылары қамауға алынды

Жолдың ақшасын жегендер! Қарағандыда «ҚазАвтоЖолдың» облыстық филиал басшысы Ғаділ Мұқанов пен оның орынбасары Ержан Отаров парамен ұсталды. Бақандай 17 миллион теңгені бұл екеуі қағазға қол қойып, мөр басқаны үшін алған. Яғни, Қызылорда-Қарағанды-Павлодар тас жолын салып жатқан мердігердің жұмысын осы сомаға тексерусіз қабылдай салмақ болыпты.  

Параны орынбасары алса да, қолына кісен салынған соң қаражаттың кімге және не үшін әкелінгенін тәптіштеп айтып берген. Қомақты сома тас жол төсеп жатқандардың жұмысын қабылдау актісіне қол қою үшін берілген сыйақы екен. Құзырлы орынның аңдуына түскенін пара беруші жақ та білмеген сияқты. Өйткені қаражатты жеткізген мердігер «Ақжол ДС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі қызметкері де пара берді деген айыппен ұсталып отыр. Осы төртеу соттың санкциясымен тергеу қапасына қамалды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде