{metadescription}
Астанада  жұмысшылары үйінді астында қалып қойған мекеменің басшысы қамауға алынды
Астанада  жұмысшылары үйінді астында қалып қойған мекеменің басшысы қамауға алынды

Астанада жұмысшылары үйінді астында қалып қойған мекеменің басшысы қамауға алынды

Астанадада қабырғасы опырылып құлап құрылысшыларды басып қалған фирманың директоры қамауға алынды. 47 жастағы  кәсіпкер қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған деген күдікке ілінді.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-Сол жұмысқа жауапты мекеме жетекшісі қазір ҚР ҚК-нің 128 бабы бойынша ұсталып, уақытқа қамау абақтысына жабылды. Осы баптың қаралатын жазасы 8 жылға дейін бас бостындығынан айырылуы мүмкін.

Сенбіде Елордадағы «Шанхай» базарының маңында тұрғызылып жатқан ғимараттың қабырғасы опырылып, үш адамды басып қалған еді. Ауыр бетондардың астында қалған екі жұмысшы сол жерде жан тапсырса, үшіншісі өлім аузында ауруханада жатыр. Олардың барлығы да Астанаға жұмыс іздеп келген Өзбекстан азаматтары. Белгілі болғандай, қабырға  салмағы ауыр құрылыс материалдарын көтере алмай опырылып түскен.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде