{metadescription}
Алматыда Сәкен Жүнісовтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Сәкен Жүнісовтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Сәкен Жүнісовтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Сәкен серіге сыйлық! Жазушы тұрған үйдің қабырғасына бұл ескерткіштің орнатылуын әріптестері он жылдан астам күткен болатын. Қалалық әкімдік ұйымдастырған шараға суреткердің қаламдастары, туған-туыстары мен жастар қатысты.

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Нұрмақұлы осы үйде өмірінің соңына дейін ғұмыр кешті. Оның қаламынан туған «Ақан сері» дилогиясы, «Жапандағы жалғыз үй», «Заманай мен Аманай» романдары, «Ажар мен ажал», «Жаралы гүлдер» пьесалары мен тағы басқа туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұралар. Көзі тірісінде «қазақтың Сәкен серісі» атанып, сөз өнерінің дәргейін көтерген қарымды қаламгерге әрқашан құрмет көрсетілу керек деген әріптестері, өткен күндердің еншісінде қалған сәттерді сағынышпен еске алды.

Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

-Сәкен Жүнісов шындығында да 60-шы жылдары әдебиетке келген топтың көшін бастаған, солардың бірегейі болды. Артындағы мұрасына ие болып қалған ұрпағы, ел, оқырмандары бар, әрі-бері өткенде мына үйде Сәкен сері тұрған екен ғой деп тағзым жасап өтетіні ақиқат. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.