{metadescription}
Өскемендегі су жаңа көпқабатты үй бір жауған жаңбырға төтеп бере алмай, кем-кетігі шықты
Өскемендегі су жаңа көпқабатты үй бір жауған жаңбырға төтеп бере алмай, кем-кетігі шықты

Өскемендегі су жаңа көпқабатты үй бір жауған жаңбырға төтеп бере алмай, кем-кетігі шықты

Шатырдан шелектеп аққан су пәтерлерге құйылып, тұсқағаздардың жаппай түсуі мен қабырғалардың опырылуына себеп болған. Сорақысы сол бұл ғимаратта мұздай судың болмауынан тұрғындар пәтерлердегі әжетхананы қолдана алмай, даладағы әр қуысты ластауға мәжбүр.

Мемлекеттік қызметкерлер үшін салынған тоғыз қабатты нысанға жұрт жуырда ғана көшіп келген. Олар сол кездің өзінде ғимаратқа құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілгенін аңғарыпты. Ал, нөсер жауын мұндағы кем-кетікті одан әрі әшкерледі. Яғни, төбеден аққан су ішке шелектеп құйылған. Соның кесірінен тұсқағаздары түсіп, қабырғалар жаппай көгеріп кетіпті. 

Мақпал Рысбаева, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Сондай-ақ, жарық жиі өшеді. Шам өшкен соң су да өшеді. Өйткені су насос арқылы келеді. Ал насос жарықпен жұмыс істейді.

Қабырғасы да опырылып түсіп, әлден ақ жамау-жамау болған үйдің кем-кетігі мұнымен бітпейді. Тоғыз қабатты нысанның жедел сатысы әлі күнге іске қосылмаған. Сондықтан жұрт жоғарыға жаяу көтерілуге мәжбүр. Ал, мердігердің айтуынша, бөлмелерге су тамшылауына төбе жабындысының күшті желденбүлінуі себеп болған. Қазір өздері сол кеткен ақауды қалпына келтіруге жанталасып жатыр екен. Жергілікті билік болса, компания басшысына екі жеті уақыт берген. Осы межелі мерзімде кәсіпкер  жыртығын жамап үлгермесе, оған қатаң шара қолданбақ.

Асхат Өтебаев, Өскемен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

-28-ші қыркүйекке дейін мердігер аталған кемшіліктерді жоюға міндетті. Егер жойылмаса біз шаралар қабылдаймыз. Олардың құрылыс-монтаждау лицензиясын тартып алуға дейін шаралар қабылдаймыз.

Айта кетерлігі, бұл көпқабатты үйде жылы су мен мұздай су атымен жоқ. Сол себепті тұрғындар ауыз судың өзін сатып алудамыз дейді. Ал, салқын судың болмауынан жұрт пәтердегі әжетхананы да қолдана алмай әлек. Сондықтан тұрғындар қуыс-қуыста амалсыз дәрет сындыруға мәжбүр. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде