{metadescription}
Көкшетауда белгілі репетиторды бауыздап өлтірген азаматқа қатысты  үкім шықты
Көкшетауда белгілі репетиторды бауыздап өлтірген азаматқа қатысты  үкім шықты

Көкшетауда белгілі репетиторды бауыздап өлтірген азаматқа қатысты үкім шықты

Қанды қылмысқа барған 36 жастағы Константин Плюснин енді көп жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс.

-Сот Константин Плюснинді кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жәбірленушінің пайдасына 3,5 миллион теге моральдық және материалдық шығын өтеуі тиіс.

Көкшетаулықтар білікті репетитор деп танитын 49 жастағы Амина Аденді маусым айында өз үйінде бауыздап өлтірген болатын. Қанды оқиғаға осы әйелдің танысының қатысы бар болып шықты. Константин Плюснин Аминаның үйінде таң атқанша көңіл көтеріп, сосын араларында ұрыс шығыпты. Ашуға булыққан қылмыскер оны басынан ұрып жығып, тамағынан пышақпен бауыздап жіберген. Содан соң әйелдің қымбат алтын бұйымдарын алып тайып тұрады. Бұл уақытта марқұмның жалғыз ұлы Америкада оқуда, ал күйеуі іссапарда жүрген екен. 

Владимир Полевой, марқұмның күйеуі:

-Заң осындай бізде. Бәрібір әйелімді маған ешкім қайтарып бермейді. Қанша жаза кессе де, ол енді қайтып келмейді. Негізі, бұдан қатаңырақ жаза болады деп күтіп едім.  

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.