{metadescription}
Павлодарда трамвай қағып кеткен оқушы қыз үйіне жіберілмек
Павлодарда трамвай қағып кеткен оқушы қыз үйіне жіберілмек

Павлодарда трамвай қағып кеткен оқушы қыз үйіне жіберілмек

Павлодарда трамвай қағып кетіп, аман қалған оқушы қыз інісін туған күнімен бетпе-бет құттықтай алады. Өйткені ол бүгін ауруханадан шықты. 8 жасар Марал Масғұт енді ем-домды үйінде алуы тиіс.

Басы соғылып, жансақтау бөлімнен бір-ақ шыққан жеткіншекті екі аптаға жуық емдеген дәрігелер оны енді үйіне жіберуді жөн санапты. Ақ халаттылардың айтуынша, Марал ота жасау мен қан құюға мұқтаж болмаған екен. Естеріңізге салсақ, апалы-сіңлілі екі оқушыны 7-ші қыркүйекте трамвай таптап кеткен. 10 жасар Махаббат сол жерде көз жұмса, оның сіңлісі жедел ауруханаға жеткізілген болатын.

Талғат Қасымбеков, Павлодар облысы балалар ауруханасының травматологы:

-Бас сүйегінің жарақаты бас миының соғылуы бар. Бірақ, бас сүйегі сынбаған. Және де ол өз артынан ешқандай себеп-салдар, яғни ауыр жағдай қалдырмайды. Дене шынықтыруға үш айдан төрт айға дейін қатысуға болмайды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде