{metadescription}
Мексикада жойқын жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 250 адамға жетті
Мексикада жойқын жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 250 адамға жетті

Мексикада жойқын жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 250 адамға жетті

Бұл туралы елдің құтқару қызметінің басшысы мәлімдеп отыр. Қуаты 7 балдан асатын дүмпу кеше кешкісін болған. Табиғат апатының ошағы Пуэбла-де-Сарагоса қаласынан 49 шақырым жерде тіркелді. Қатты тербеліс ел астанасы Мехикода да сезілген. Салдарынан ғимараттар қирап, адамдар үйдінің астында қалды.

-Не айтарымды да білмеймін. Қатты қорқып қалдық. Үйлердің астында қалғандар адамдар өте көп. Кішкентай балалар бар.

-Бұның бәрі басталғанда қайда қашарымызды да білмей қалдық. Біз ғимараттың ішінде едік. Терезен сыртқа әрен шықтық. Қас қағым сәтте болды. 

Қираған үйлердің астында қалғандардың нақты санын ешкім дөп басып айта алмайды. Төрт миллионға жуық адам жарық пен судан ажыраған. Қазір Мехикода төтенше жағдай жарияланып, жер селкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін қалаға әскер кіргізілді. Бұл Мексикадағы соңғы айда болған қуаты күшті екінші жер сілкінісі. Төтенше жағдайға қатысты еліміздің Сыртқы Істер министрлігі де ресми ақпарат таратты. Мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде