{metadescription}
 "Дау-дамайсыз" даулы мәселелерді шешуге кірісті
 "Дау-дамайсыз" даулы мәселелерді шешуге кірісті

"Дау-дамайсыз" даулы мәселелерді шешуге кірісті

КТК арнасында жаңа маусымдағы бұрын-соңды болмаған репортаждық-әлеуметтік жоба. Өткен апта алғашқы саны көрерменге жол тартқан «Дау-дамайсыз» бағдарламасы кез келген түйіткілдің түйінін тарқатуға дайын. Әр сенбінің кешінде түрлі проблемаларды қаузайтын жобаның өз ерекшелігі бар. 

-Алло!? КТК, «Дау-дамайсыз» бағдарламасы. Қандай мәселемен хабарласып тұрсыз?

Болған оқиға. Шынайы кейіпкер. Нақты шешім. Қандай қиын мәселенің болмасын күрмеуін тарқатауға болады. Заңды қалқан етсе, шыққан ши дау-дамайсыз шешіледі.  Тәжірибелі тілшілер Гүлмира Әбіқай мен Жазира Бегалы көпшілік көкейін тескен жайтты жетер-жеріне жеткізіп, көмектесуге дайын. 

Гүлмира Әбіқай, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі:

-Бір мәселені зерттеу үшін 8 немесе 10 мемлекеттік мекеме, не өкілдерімен толыққанды сұхбаттасып, солардың нақты жауабын біліп және бізде егер тиісті мекеме ойланса, бір айда айтамыз жауабын деп ойланып қалатын сәттер болады ғой, ондай бізде жоқ. Біздің басты мақсатымыз қазір хабарласасыз, бүгін шешеміз. 

«Дау-дамайсыздың» тілшілері қадалған жерден қан алмай қоймайды. Шіренген шенеуіктерді сабасына түсіріп, ашынған адамдардың жанайқайын жеткізеді. Заң алдында бәрі де жауапты. Жоба -құрғақ уәдеге сенбейді. Мәселені, сол жерде шешеді. Бағдарламаның бұл жолғы санында мемлекеттің тиісті көмегін ала алмай жүрген Алматы облысындағы мүгедек балалардың анасы туралы айтылады. Қол қусырып отырған әкімдіктің әрекеті әшкереленеді. Ширыққан оқиғаның қалай өрбігенін білгіңіз келсе, сенбі, 19-35 те "Дау Дамайсыз" жобасын көріңіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.