{metadescription}
Алматыда пәтерін заңсыз жалға бергендер баспанасынан айрылуы мүмкін
Алматыда пәтерін заңсыз жалға бергендер баспанасынан айрылуы мүмкін

Алматыда пәтерін заңсыз жалға бергендер баспанасынан айрылуы мүмкін

Алматының салықшылары заңсыз кәсіпкерлікке қарсы ауқымды күресті бастайын деп жатыр. Олар салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлердің осылай жолын кеспекші.

Қуаныш Түменбаев, Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

-Кейбір азаматтар өздері жалға алады да одан әрі жалға береді мысалы. Сонымен қатар, жалға берген кезде келісімшартта жалға беру құнын көрсетпейді. Яғни, сәйкесінше, бұл жерде салықтан жалтарудың бір түрі.

Кәсіпкерлер салықтан барынша жалтарғысы келгенімен, мамандар да құйтұрылықтың сан түрін меңгеріп алған. Тәртіп бойынша, жылжымайтын мүлкін жалға бергісі келген кез келген адам жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелуі тиіс. Алайда, құқық қорғау органдарынан алынатын деректерге қарағанда заңға бағынбайтын кәсіпкерлердің қатары азаймай тұр. Енді алдағы дүйсенбіден бастап заңды белден басқандарға қарсы рейд жүргізілмек. Заңбұзушылар ұсталса, оларға 34 мың теңге айыппұл салынбақ. Тіпті, жалға берген баспанасын да тартып алуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде