{metadescription}
Денесі даладан табылып, туысы жоқтардың қатарына қосылған
Денесі даладан табылып, туысы жоқтардың қатарына қосылған

Денесі даладан табылып, туысы жоқтардың қатарына қосылған

Көкшетауда 8 ағайыны мен анасы бар азаматты тиісті қызметтер жалғызіліктілердің зиратына жерлей салыпты. Мұны артынан білген туыстары байбалам салуда. Қант диабетімен ауырып, диспансерлік есепте тұратын 45 жастағы Дулат Мұсайбековтың мәйітін осыдан бір жарым ай бұрын полицейлер тауып алған. Қалтасынан құжаттары шықса да, апталдай азаматтың жақындарын ешкім таппай қалыпты.

Ағаларының о дүниелік болып, тіпті жерленіп те қойғанын естіген  бауырлары ашуланып отыр. Олар төрт көзіміз түгел отырсақта, қалайша Дулатты жетім біреудей көме салған дейді. Сондай-ақ, бұлардың жерленген адамның өз бауырлары екеніне сеніңкіремей де отырған жайы бар.

Бота Оразбаев, марқұмың інісі:

-Енді қалай?Бәлен ағайынды жігітпіз.Жетім-жесір емес қой көшеде жүрген.Эксгумация жасау ойымызда бар. Өйткені біз күдігімізді алуымыз керек. Мүмкін, бір жерде құлдықта жүрген шығар.

Дегенмен, сот-медициналық сараптама да, жерлеу бюросы да Дулат Мұсайбековтың жерленгенін растап отыр.

Светлана Богрянцева, жерлеу бюросының қызметкері:

-Міне,біздің қолымызда Ішкі істер бөлімінің қаулысы бар. Осы қаулы бойынша Дулат Мұсайбеков иесіздер зиратына қыркүйектің 14-інде мұсылмандық жолмен  жерленді.

Дулат қант диабетімен ауырған. Диспансерлік есепте тұр. Мәйітті тапқанда қалтасынан барлық құжаттары, тіпті инсулин дәрісіне дейін шыққан. Бірақ анасының үйінде тіркеуде тұрған марқұмның туысқандарын ешкім таппай қалыпты-мыс. Енді оның аты-жөні белгілі бола тұра, иесіздер зиратына қалай болса солай жерленгенін естігенде, бауырлары шошып кетті.Ал полициядағылар болса марқұмның туыстарын барынша іздедік деп отыр.

Әсем Әбдірахманова, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы:

-Мәйіт табылғаннан кейін полицейлер оның соңғы тіркелген мекен-жайын тексерді. Көршілерінен сұрастырды.Бірақ оны ешкім білмеді. Дулат Мұсайбеков ішкі істер органдарында «маскүнем»  ретінде есепте тұрған. Бір ай бойы оны ешкім іздеген жоқ.

Марқұмның туысқандары автокөлік жөндейтін шебердің шынымен де ішкілікке жақын болғанын айтады. Дегенмен, табысын екі баласына жұмсап келген. «Бір жағынан, Дулатты тапсырыс берушілер Қостанай, Атырауға дейін алып кетіп, көліктерін жөндететін. Мүмкін, сондай бір жерде жүрген шығар деп іздемедік» дейді олар. Ал өлген адамның бар туысын таппаған тәртіп сақшыларының өз әрекеттері үшін жауап беруын талап етуде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.