{metadescription}
Фармация комитетінің лауазымды шенділерін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Фармация комитетінің лауазымды шенділерін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Фармация комитетінің лауазымды шенділерін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Сот жемқорлық айыбымен қамауға алынған Фармация комитетінің лауазымды шенділерін қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек сатып алуына жауапты комитеті төрайымының міндетін атқарушы Лариса Пак пен комитеттің өңірлік өкілдіктерінің жетекшілері, олармен сыбайлас болды деген кәсіпкер шілдеде қамалған болатын.

Астана соты Полат Имамходжаев пен Зәуре Қажынованың қамақ мерзімін үшінші қазанға, Лариса Пактың мерзімін төртінші қазанға дейін ұзартты. Эльмира Жүзбаева мен Данел Ибраеваның үй қамағы да сәйкесінше 3-4-ші қазанға дейін созылады. Пара берді деген кәсіпкер Жүзбаева бүгінге дейін қамауда отырған-ды. Еске салсақ, Фармация комитетінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алуларда дәрі-дәрмектің құнын көтермелеп, ақша жымқырды, рұқсат қағаздарды ақшаға сатты деген айыппен үшінші шілдеде ұсталды. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше шенеуніктер 10 млн теңге көлемінде пара алған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде