{metadescription}
 КТК-да жаңа жоба: Шындыққа шөлдеген халықтың аптығын «Аптап» басады
 КТК-да жаңа жоба: Шындыққа шөлдеген халықтың аптығын «Аптап» басады

КТК-да жаңа жоба: Шындыққа шөлдеген халықтың аптығын «Аптап» басады

КТКның жаңалығы көп жаңа маусымының басты тұсаукесері 2 күннен кейін көрерменге жол тартпақ. Аты затына сай бағдарламада аптадағы күйіп тұрған өзекті мәселелер талқыланып, сарапталады. Көлеңкеде қалған тақырыптарды да «Аптаптың» тіс қаққан тілшілері ашып айтпақ. Ал, дәл қазір жоба ұжымы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

- Жаңа маусым. Жаңа студия. Бұдан былай әр жексенбіде дәл осы жерден «Аптап» бағдарламасы көрерменге жол тартады. Ал, оның тұсаукесеріне 2 күн қалғанда, жұмыс та қыза түскен. Яғни, ұжым соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Өткір тілді тілшілер де, кадр сыртындағы режиссерлік құрам да таңнан кешке дейін осында жүр.  «Аптапта» аптадағы өзекті мәселелер ғана көрсетіледі. Талқыланады, әрі сарапталады. Еш жерде айтылмай, жабулы қазан күйінде қалған оқиғалар да түгел қамтылмақ.Қараша халыққа ащы да болса шындықты жеткізетін - Серік Жанболат бастаған ұжым. Ал, әр мәтіннің үтір-нүктесіне дейін белгілі журналист Срайыл Смайылдың қадағалауында.

Срайыл Смайыл, «Аптап» бағдарламасының редакторы:

- Әлеуметтік өмір болсын, экономика болсын, саясат саласы болсын барлық тақырыптар қамтылады. Сол арқылы, «Аптап» арқылы көрермен сол аптаның тынысын жан-жақты сезінетін болады.

Ендеше, осы жексенбіде Божконың біртүрлі мәлімдемесі, қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиі, білім саласындағы былық туралы «Аптаптан» көріңіздер.Сол жағалаудағы саяси жаңалықтар да тілшілер назарында. Шындыққа шөлдеген халықты өзге де өзекті ақпараттар күтіп тұр. Сондықтан, 24-ші қыркүйек, сағат 20:00-де КТК арнасы қосулы болсын. Өйткені, сіз бұрын-соңды көрмеген көрініс, естімеген ақиқат осында.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде