{metadescription}
Әлемдегі ең бай әйел өмірден озды
Әлемдегі ең бай әйел өмірден озды

Әлемдегі ең бай әйел өмірден озды

Әлемдегі ең бай әйел, «Форбс» тізімінде алғашқы ондыққа енген Лилиан Бетанкур 95 жасқа толуына бір ай қалғанда бақилық болды.   

Әйгілі «L`Oreal» компаниясы иесінің байлығы 40 миллиард долларға бағаланған. Бірақ, мұншама шексіз дәулет Бетанкурдың бала-шағасына тию-тимеуі екіталай. Өйткені, көзі тірісінде-ақ ол миллардтарын мұрагерлеріне емес, қарапайым фотографқа қалдырмақ болыпты. Сол үшін де жар дегенде жалғыз қызы мен тіпті азаматтық некедегі күйеуі де «есінен алжасқан» деп сотқа берген-ді. Лилиан Бетанкурдың ақшасы ғана емес, ықпалы да зор болған. Францияда сөзі өтімді Бетанкур елдің саясатын да араласып, қайырымдылық шараларға миллиондаған доллар жұмсаған меценат ретінде де танымал. Миллардер әйелдің ақшасын кезінде Францияның экс-президенті Николя Саркози де сайлауалды комапниясына пайдаланып, соңы үлкен дауға ұласқан болатын. Саркози үгіт-насихат жұмыстары үшін Бетанкурдан қарызға ақша алып, қайтармай қойған.          

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.