{metadescription}
Астана маңындағы ауыл тұрғындары  күйіп кеткен  тұрмыстық техника үшін энергетиктерді сотқа бермек
Астана маңындағы ауыл тұрғындары  күйіп кеткен  тұрмыстық техника үшін энергетиктерді сотқа бермек

Астана маңындағы ауыл тұрғындары күйіп кеткен тұрмыстық техника үшін энергетиктерді сотқа бермек

Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында тоқ қуатының құбылуынан жиырмадан астам отбасының бірде-бір тұрмыстық техникасы қалмай күйіп кетті. Қалыпты 220 вольт беруі тиіс желі 380 ұрып, қысымға шыдамаған сымдар жана бастаған. Тұтас бір отбасы газдан уланып, тіл қатпай кетуі мүмкін еді. Қайта, тынысы тарылып оянған кейуана балаларын өлім аузынан құтқарып қалған.

Өрт таңғы жетіде басталған. Тұрғындардың айтуынша, оған қуаттың шамадан тыс көтерілуі себеп болыпты. Гүлжанның тұрмыстық техникасы тұтас күйіп кеткен. Ол үй-жанының аман қалғанына шүкір етіп отыр.

Гүлжан Бекова: Жібек жолы ауылының тұрғыны:

-Құдай сақтады, әйтпесе  бүгін мүрдемізді шығарып жатушы еді. Қызым көрпенің астына жамылып, тығылып қалған қорыққанынан.

Түтіннің ащы иісінен алғашқы болып үйдің анасы тұрыпты. Қою түтіннің ішінде қабырға сипап жүріп, қалғандарын оятқан.

-Әп сәтте қара қою түтінге оранған үйдің қабырғасының күйеден сау жері жоқ. Бұл үй сенбіден бері жарықсыз отыр. Сол уақыттан бері бірде-бір жауапты маман келіп тұрғындардың хал-жағдайын сұрамаған.

Ажалдан аман қалған отбасы, материалдық шығынын есептеп, шағым жазыпты. Алайда оны кімнің өтері белгісіз. Ал Гүлжан сияқты ауылда тағы 20 отбасы бар.

Галина Бродт: Жібек жолы ауылының тұрғыны:

-Талғатқа хабарластық. Оның айтқаны – қайда шағымдансаңдар, онда шағымданыңдар. Өздеріңе де сол керек. Тоқты жерлемедіңдер дейді.

40 мыңға күнелтіп отырған зейнеткер, тоқты қай ақшаға, қайда апарып жерлерін де білмейді. Ал бет бақтырмаған Талғат есімді азамат жергілікті электр тарату орталығының мастері. Жуапты маманмен телефон арқылы ғана тілдесе алдық.

Талғат Жұмаділов, «Арэк-Энергосбыт» ЖШС учаскелік мастері:

- Бағананы көлік соғып кетті -ау деймін. Сөйтіп желілерді үзіп кеткен. Көлікті табу керек. Бірақ оны ешкім іздеп жатпаған сияқты.

Тұрғындардан шағым алған учаскелік инспекторды да жұмыс орнынан таба алмадық. Бір қызығы әкімнен бастап, ауылдың барлық жауапты қызметкерлері төтенше оқиға кезінде жұмыс орнында емес, аудан орталығында жүр.

Сәуле Қалижанова: Жібек жолы ауылының тұрғыны:

- Қауіпсіздік қондырғылары болуы керек қой? Адамдар уақытында оянбаса, тірідей жанып кетер ме еді? Біздің басшыларды қозғалту үшін міндетті түрде адам өлуі керек. Ал техника, үй жанса ештеңе етпейді дейді.

Ауылдың тоқ желілері төмен, талдардың арасында қалған. Жиі-жиі ойнап тұратын трансформатордың тоғы тағы көтеріліп, сым қызса, қурап тұрған ағаш лап ете қалуы мүмкін. Ауылдықтар дүниесі үшін емес, өмірлері үшін алаңдаулы. Ал жиырмадан астам отбасы күйген техникаларының ақысын энергетиктерден өндіріп алуды ойлап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде