{metadescription}
Күрдтердің референдумы мұнай бағасына кері әсер етуде
Күрдтердің референдумы мұнай бағасына кері әсер етуде

Күрдтердің референдумы мұнай бағасына кері әсер етуде

Соңғы 2 жылда болмаған рекордтық көрсеткішке көтерілген қара алтын құны қайта арзандай бастады.

Баррелі 59 доллардан асқан Brent маркалы мұнай қайтадан 0,05 пайызға арзандады. Яғни, баррелі 58 доллар 4центке түскен. WTI маркалы қара алтын бағасы да сәл төмендеді. Қазір оның баррелі 52 доллардан сатылып жатыр. Ал, сарапшылар қара алтынның қайта арзандауына Ирактың Күрдістан автономиясындағы халықтың тәуелсіздік алуға ұмтылысы себеп дейді. Әрі Түркия премьер-министрі ел қауіпсіздігі үшін бұдан былай күрдтерден мұнай транзиттеуді тоқтату туралы мәлімдеген. Бұған қоса, Ирак билігі өзге елдерді де Күрдістаннан қара алтын алмауға шақырды. Осы жағдайдың бәрі әлемдік нарықтағы мұнай бағасына бірден әсер еткен. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде